spot_img
Пятница, 3 мая, 2024
-14.7 C
Кокшетау

Президент: Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту

Вам может быть интересно

Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Aqmolanews ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан – осы геосаяси аймақта ауқымды, демократияны арқау еткен реформалар жолына түскен бірден-бір мемлекет. Сондықтан бізге оңай болмайды. Бірақ бұл жолды қалайда жүріп өтуге тиіспіз. Енді жұмысқа жұмыла кірісеміз. Осында отырған әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздердің шешімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз елдің бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді», — деді Мемлекет басшысы.

Сондықтан Президент күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керектігін қатаң ескертті.

«Сіздер мемлекетшіл-реформатор болуларыңыз қажет. Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана, табысты жүзеге асыра аламыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- Реклама -spot_img

Последние новости

В Акмолинской области ведется сбор данных о пострадавшем имуществе предпринимателей в результате паводков

На площадке Палаты предпринимателей Акмолинской области прошла встреча по разъяснению алгоритма подачи заявок субъектами бизнеса для получения компенсации ущерба...
- Реклама -spot_img

Похожие новости