spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
4 C
Kokshetau

Ақмола жедел уәкілі пәтер ұры-гастролерлерді қалай жалғыз ұстағанын айтып, қызметтің ерекшелігімен бөлісті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жедел полиция бөлімшесінің қызметкері тапқырлықтан, түйсігі мен логикасынан басқа қандай қасиеттерге ие болуы керек!?. Нағыз жедел уәкіл өз кәсібін жақсы көруі тиіс, өйткені бұл қызметте «кездейсоқ» адамдар жұмыс істей алмайтыны сөзсіз.
Жедел уәкілді «сөйлету» мүмкін емес: мамандар өз жұмыстары туралы айтқаннан көріқызметтің нәтижелі болғанына көбірек мән береді. Шынында да жақсы нәтижеге көп күш салу арқылы ғана қол жеткізугеболады.
Полиция майоры Аян Оспанов- өңірдегі жас әрі келешегі зор жедел қызметкерлердің бірі. Онда ҚР ІІМ Қарағанды академиясының қабырғасында алған білімі, Степногорск қаласындағы учаскелік полиция инспекторы лауазымындажәне Степногорск криминалдық полиция бөлімінде қызмет атқарған көп жылдық еңбек өтілі бар,ал қазір Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінде жұмыс істейді.
Полиция майоры өзі туралы және жұмысы туралы жақсы сөйлесуге дағдыланбаған. Оның жұмысы шынымен де қауіпті және қиын. Аянның есебінде ондаған ашылған қылмыстар, жедел әзірлемелер және сәтті арнайы операциялар бар. Ең есте қаларлық жағдайлардың бірі, майор гастрольдік ұрылар тобының ұсталғанын және оның қылмыс орнына жалғыз барғанын атап өтеді.
А. Оспановтың айтуынша, 2021 жылы Степногорск аймағының аумағында пәтер ұрлығы бірінен соң бірі жасалған. Жедел уәкілдер бұл ретте аталған қылмыстарға қылмыстық топтың қатысы бар екенін түсінген. Алайда ол қылмыстық топты ұстау оңай болмаған. Себебіқылмыскерлер қылмыстарды мұқият жоспарлап, іс жүзінде із қалдырмай кететін болған. 2021 жылдың мамырында таныстарының бірі Аянға үйдің кіреберісінде белгісіз ер адамдар бар екенін және олардың мінез-құлқы күдікті болып көрінетінін айтып берген. Бұл пәтер ұрылары болуы мүмкін екенін түсінген жедел уәкіл дереу көрсетілген мекен-жайға барған.
«…Үйге келе жатып, мен ұрылар пәтерлердің бірінде екенінтүсіндім.Көшеде жергілікті тұрғынды көрдім, ол кейінірек қылмыстық топтың мүшесі болып шықты. Ол үйдің сыртындағы жағдайды бақылап тұрған». Біреуін ұстап алып, Аян сол кезде олжамен жасырынуға тырысқан басқа гастрольдік ұрылардың сытылып кетпеуі үшін кіреберістің есіктерін жауып тастаған. Үш қаскүнеммен тең емес шайқаста, олардың біреуі полиция қызметкерінің бетіне бұрыш спрейін шашып үлгерген, дегенімен полиция майоры берілмей, көзінің күйіп қалуына қарамастан, олардың біреуін ұстап алған және жедел-тергеу тобы келгенге дейін оны ұстап отырған. Қалған қатысқандар кейінірек ұсталып, топтың бес қылмысқа қатысы бар екенін дәлелденді.
Осы батылдығы мен жеделдігі үшін Полиция департаментінің бастығы Аяна Оспановты алғыс хатпен марапаттады.
Биыл А. Оспанов департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына ауысты. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстау тәжірибесін дамытумен айналысады, тіпті жедел қызметкердің күнделікті өмірін құрайтын кейбір құпиялар туралы айтып берді. Бірақ құпия құпия болып қалуы керек, ал жедел қызметкердің өмірінің ең қызықты бөлігі, әдетте, «экраннан тыс».

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img