spot_img
Жексенбі, Қазан 13, 2024
-7.8 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов қайықпен Үшқарсу ауылына барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы, драматаург, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды : Бүгін (16 сәуір 2024) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ жұмыс сапарымен Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылына барды. Барғанда да қайықпен барды.

Есіл өзені тасып, іргесіндегі осы Үшқарасуға барар жолды бұзып, жол бойындағы электр бағаналары да құлап, ауыл жолсыз және электр жарығынсыз отырған-ды.
Сол ауылдың халқының қазіргі тіршілігі, қажетті жабдықтары бірнеше күннен бері осы қайық қатынасы арқылы қамтамасыз етілуде.

Халыққа қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек, зейнетақы ды қайықпен жеткізіліп жатыр.
Ауылдарына қайықпен келген облыс әкімі Марат Ахметжановты халық жылы швраймен қарсы алды.
-Жағдайларыңызды назардан бір сәтте қағыс қалдырып отырған жоқпыз. Бүгін өз көзіммен көрейін, жағдайларыңызды сұрап білейін деп арнайы келіп тұрмын,-деді облыс әкімі М.М. Ахметжанов.
-Қар суы бізді жалғыз емес қой алып кетіп жатқан. Ең бастысы жан аман, мал аман! Құдайға шүкір, жол болмаса да, электр жарығы болмаса да ас-судан, күнделікті керек жарақтан тарығып көрген жоқпыз,-деп ауыл ақсақалының бірі елдің амандығын жеткізді.
Осы арада әкіммен сөзге араласқан тағы бір ел үлкені:
– Осы Үшқарасу нансыз, сусыз, қараусыз қалды деп кім дпбылтатып жүр? Бәрі де жалған! Сол жалған айтып жүрендерді жауапқа тарту керек,-деді. Ауылдың өзге тұрғындары бұл пікірді “жөн” десіп жатты.
-Ауылда ауыз су бар ма,-деді әкім халыққа қарата.
-Бар… бар су! Әне тұрған суағарға /колонка/ барып көрейікші деп жол бастады елдің үлкені.
Әлгіндей болған жоқ, облыс әкімі Марат Ахметжанов суағарды басып еді, мөп-мөлдір су аға жөнелді. Сол арада әкім бастап өзгелер де судың ішіп дәмін көріп жатты.
-Ең бастысы су бар! Енді мын Есілдің суы қайтқанша осы ауылдың тіршілігін қамтамасыз етуге үш бірдей қайықты қойып отырмыз. Олар күні-түні жұмыс жасайтын болады. Ал енді, су қайтпайынша құлаған электр желілерін қалпына келтіру мүмкін емес. Оны сіздер жақсы түсінесіздер, -деп облыс әкімі М.Ахметжанов ауылды тез арада электр жарығымен қамтамасыз ету үшін шұғвл шара қолданылатындығын айтты.
-Қазір Алматыдан электр қуатын беретін екі дизельді қондырғы келе жатыр. Соны сатып алып, алдыртып жатырмыз. Сол қондырғылар келсімен ауылда жарық болады. Су қайтсымен жолды да қалпына келтіретін боламыз!
Өздеріңіз білесіздер осы су тасқыны басталғалы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Судан зардап шеккендердің шығындары трлық өтелетін болады. Қазір Ақмола облысында шығынды өтеу басталып та кетті,_деп облыс әкімі жағдайды байыппен түсіндіріп, үшқарасулықтарға жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтап отырғандвқтары үшін ризашылығын білдірді.
Ауыл халқы да қайыққа мініп өздерінің жағдайларын білуге келген әкімге де алғыстарын айтып жатты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img