spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
9.2 C
Kokshetau

Мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:
« Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.»
( Су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінен. 6 сәуір 2024 жыл.)

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов:
«Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің барлық тұрғындары жөнделген және жаңадан салынған немесе сатып алынған үйлерге 15 тамызға дейін кіретін болады!»

Биылғы көктемнің мінезі ерекше болды. Қар суы еліміздің әр өңірін әбігерге салғаны бар. Ақмола-Көкшетау өірлерінің де біраз жерлеріне су жаййылып, біраз шығын келгені де бар.

Қазіргі есеп бойынша Ақмола облысында барлығы 1817 үй су астында қалып, соның 359-ы апатты жағдайда тұр деп танылды. Кейбіреулерін жөндеуге болады екен.
Қазақстан Республикасының Вице-премьері Қанат Бозымбаев арнайы кеңесте Ақмола облысы бойынша баспанасыз қалған барлық тұрғындарды осы жылдың тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов төтенше жағдай жарияланған өңірлерде, соның ішінде қазіргі уақытта Көкшетауда – 89, Жарқайың ауданында – 27, Есіл ауданында – 22, Астрахан ауданында – 34, Жақсы ауданында – 10 дайын пәтер мен үйлері сатып аламыз. Қауіпсіз аймақта барлығы 182 үй сатып алу жоспарланып отырғандығын айтты.

Бұдан өзге су жүріп бүлдірген автожолдарды, көпірлер мен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын шілде айында аяқтау көзделіп отыр.
Әрине, мұның барлығына қыруар қаражат та керек! Ақмола облысы бойынша суға кетіп, бүлініп, қираған үйлерді жөндеу мен салуға барлығы 10,5 миллиард теңге қажет екен. Бұл қаржының 5 миллиард теңгесін «Kaspi Bank», 1 миллиард теңгесін «RG Gold» компаниялары бөлмекші. Енді 4 миллиард керек!..
Арқаның қысы ұзақ, жазы қысқа екендігін ескерсек, тасқын судың зардабын жою, ең бастысы үйсіз-күйсіз қалды дейтін тұрғындардың қалыпты да алаңсыз өмірлерін қалпына келтіру жұмыстары қазірден қарқынды басталғандығы әбден құптарлық!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img