spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau

Елімізде жаңа Алатау қаласы құрылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар Алатау қаласы болып өзгертілді, –деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

Жаңа қаланың жалпы ауданы – 88 мың гектар. Халық саны 52,7 мың адамды құрайды.

Президент тапсырмасын іске асыру аясында ұлттық экономика министрлігі Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлеген. Оған сәйкес, министрлік Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп, экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізген. Сондай-ақ халықпен жиын өткізіп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды.

–Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияларды, технологияларды, қосымша қаржы ағынын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді, – дейді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар, үкімет арнайы экономикалық аймақ аумағын (АЭА) 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту және G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады.

Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылды.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлері бойынша экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 17 атауы негізінде 110 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 12,5 триллион теңгеге 170-тен астам жобаны орналастыру көзделіп отыр.

Болжамды деректерге сәйкес, АЭА объектілері жобалық қуатына шыққаннан кейін бүкіл кезеңдегі бағаланған жиынтық үлесі 47,3 триллион теңгені, оның ішінде мультипликативтік әсері 17 триллион теңгені құрайды.

Айта кетері, мемлекеттік инвестицияның әрбір 1 теңгесіне 3,8 теңге жеке инвестиция тартылады дейді ведомстводағылар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img