spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының үшінші кезеңінің екінші айналымы аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының үшінші кезеңінің (тестілеу) екінші айналымы 2023 жылғы 12-13 желтоқсан аралығында  Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.

Ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Тестілеуге жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде бірінші турдан сәтті өткен, жүлделі орындарға ие болған (І, ІІ, ІІІ) 111 оқушыдан – 88 оқушы қатысты.

Тестілеу келесі секциялар бойынша 3 ағымда өтті:

1 ағын: биология, химия, қоршаған ортаны қорғау, математика, информатика. Қатысушылар саны – 32 оқушы.

2 ағын: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым, қолданбалы математика, тіл білімі (ағылшын тілі), әдебиет (ағылшын тілі), этномәдениеттану, экономика. Қатысушылар саны – 35 оқушы.

3 ағын: тарих, адам және қоғам, өлкетану, тіл білімі (қазақ тілі), тіл білімі (орыс тілі), әдебиет (қазақ тілі), әдебиет (орыс тілі). Қатысушылар саны – 21 оқушы.

Деңгейлер бойынша құрастырылған бейіндік пәндер бойынша 60 тест тапсырмасын қамтитын тестілеуді өткізуге 120 минут бөлінді:

1 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын білім мен түсінуге арналған тапсырмалар;

2 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын қолдану тапсырмалар;

3 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын жоғары ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img