spot_img
Сәрсенбі, Қазан 16, 2024
-5.4 C
Kokshetau

Ақмолалық мәдениет басқармасы халықты вандализмге жол бермеуге шақырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Вандализм – әлеуметтік мәселе, бұл туралы Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің археология, сәулет және қалақұрылыс ескерткіштерін қорғау бөлімінің басшысы Гүлмира Жаманова баяндайды.

«Вандализм» термині француз революциясы кезінде пайда болды, оның пайда болуы дәл 455 жылы король Гейзерих бастаған шығыс неміс тайпасының Римді тонауымен байланыстырады. XIX ғасырда «вандализм» сөзі өнер туындыларын, мәдениет және сәулет ескерткіштерін және т.б. бұзу, қирату белгілері болып сналады.
Қазақстанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабында вандализм термині тарихи және мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді, жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық иамндылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауды білдіреді. елуден бір жүз алпысқа дейінгі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 448-бабында он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауы- ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Вандализм – қоғамның сау емес, дағдарысқа ұшырағанының көрінісі. Табиғи бұзақылықтың мысалы ретінде Бурабай ауданы, Бурабай курорттық аймағындағы Жұмбатас жартасындағы жазуларды келтіруге болады; бірнеше жылдар бойы жаңа жазулар мезгіл-мезгіл пайда болады; дәл осындай тағдыр киелі объекті болып табылатын Кенесары үңгірінде де болды, оның қабырғалары атаулармен және граффитимен жабылған, бұл әлеуметтік нормалар мен ережелердің бұзушылығы болып табылады.

2023 жылға __ бұзақылық фактілері анықталды, 2022 жылға__ бұзақылық фактілері анықталды.
Құқық қорғау органдары елдегі бұзақылар жасаған әрбір екінші қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашуға қол жеткізіп отыр. Бірақ табиғи вандализммен құқық бұзушыны ұстау әрдайым мүмкін емес, олар көбінесе жауапкершіліктен жалтарады және соның салдарынан жазасыз қалдыруға жол береді.
Жыл сайын қорғалатын тарихи-мәдени объектілердің саны артып келеді, бұл тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Тиісінше, тарихи-мәдени мұра объектілері ерекше назар аударуды қажет етеді.
Бұзылу қауіпінің алдын алу, қоғамдық жүйенің барлық деңгейінде вандализммен күресу және тарих, мәдениет және табиғи объектіде ең болмағанда «есте сақтау» жазуы болатын қоғамдық санада мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру біздің қолымыздан келеді және қазақ тұрмысының нормасы ретінде қабылданбайды.
Біз жаңа мінез-құлық мәдениетін қалыптастыратын, тарихқа қатысты патриоттық сезім мен тарихи-мәдени мұра және табиғатты құрметтейтін әлеуметтік нормаларды дамытуымыз керек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img