spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысының сотында қылмыстық істер мемлекеттік тілде қаралуда 

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2024 жылдың көрсеткішіне сәйкес 4 қылмыстық іс мемлекеттік тілде қаралды  және бүгінгі күнге 2 қылмыстық іс қаралуда.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясының ұлғаю жайында толығырақ Ақмола облысынының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Исакова Асемгуль Жумабековна баяндады.

       – Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі, ана тіліміз қазақ тілі. Ол — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі,  оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл саналады. Демек тіліміздің қоғамнан ойып тұрып өз орнын алуы, өзімізге байланысты, – дейді Асемгуль Исакова.

Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы деп білемін!

Мемлекеттік тілдің мерейін асыра түсу мақсатында мемлекеттік деңгейде қажырлы жұмыстар атқарылуда. Бүгінде барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Соңғы кезде, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның баптарының жүзеге асырылуының қадағаланып, мемлекет тарапынан тіл саясаты дұрыс жүзеге асып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Сондықтан мемлекеттік тілді үйретуге арналған арнайы тегін курстар мен тіл үйрету орталықтары жұмыс істеуде. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Яғни елімізде тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img