spot_img
Жексенбі, Қазан 13, 2024
-7.8 C
Kokshetau

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады.

Зеренді ауылының тумасы, педагогикалық еңбек ардагері 45 жыл бұрынғы Көкшетау облысы Арықбалық ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ксения Петровна Көкшетауда майданға арналған снарядтар дайындаған құпия зауытта еңбек етті. Жұбайы Анатолий Александрович соғысқа қатысып, кейін милицияда жұмыс істеді, майор шенімен зейнетке шықты. Өмірден 2000 жылы озды. Көкшетауға Тюменцевтер 1996 жылы көшіп келген, содан бері қызы мен немерелері қамқорлық жасауда.

Жасы 98-ге толғанына қарамастан, Ксения Петровна керемет есте сақтау қабілетіне ие. Қонақтармен әңгімелесу барысында ардагер естеліктерімен бөлісіп, оны ұмытпай, әрқашан назар аударғандары үшін алғысын білдірді. Бейбіт Айтымұлы мен Саят Төлегенұлы Ксения Петровнаға зор денсаулық, жақсы көңіл-күй тілеп, жүз жысқа дейін өмір сүруді тіледі.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img