spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
9.2 C
Kokshetau

Жеңіс күні – халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының символы болып саналады

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Жеңіс күні – халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының символы болып саналады!»

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: « Бабаларымыздың баға жетпес батырлығының арқасында біз бүгін бейбіт елде, бақытты өмір сүріп жатырмыз!»

 

Көкшетауда Ұлы Жеңіс күні салтанатты түрде аталып өтілді. Ақмола облысын батырлар елі десе де болғандай!
Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдулиннің, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың ескерткіштері соны айғақтайды.
Бұған қоса Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевты қоссаңыз ел мен ер ерлігінің туы асқақтай түсері бар.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бастаған мерекелік шара әуелі осы қос батыр Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдинов ескеткіштеріне гүл қоюдан басталып, салтанатты шеру Даңқ алаңында жалғасты.
1418 күн мен түнге ұласқан кешегі соғыс құрбандарын бір минуттық еске алудан кейін, облыс әкімі Марат Ахметжанов Мәңгілік алауға гүл-гүл қойып, салтанатты жиында сөз сөйледі.
« Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қашан болсын халқымыздың қан майдандағы ерлігін жоғары бағалап, соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетудің өнегесін көрсетіп келеді,-деді облыс әкімі Марат Ахметжанов. -Бабаларымыздың баға жетпес батырлығының арқасында – біз бүгін бейбіт елде, бақытты өмір сүріп жатырмыз!
Ұлы Жеңіске ақмолалықтар мен көкшетаулықтар зор үлес қосқандықтарына тарих айғақ айта алар еді.
Бір ғана Ақмола облысынан 90 мың адам майданға аттанса, солардың 37 мыңнан астамы ғана аман оралған-ды. Майдан шебінде ерлік көрсеткен 66 ақмолалық Кеңес одағының Батыры атақтарына ие болды.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Әлемде соғыс болмасын! Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт өмірі жараса берсін!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img