spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 10, 2024
13.2 C
Kokshetau

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРДА АУЫЗ СУДЫҢ ЛАСТАНУЫ ТУРАЛЫ ТАРАТЫЛҒАН АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта жалған хабарламалар пайда бола бастады.

Атап айтқанда, ауыз суда ішек инфекцияларының пайда болу жағдайлары бойынша жалған ақпарат таратылуда, бұл шындыққа жанаспайды.
Су тасқыны жағдайына байланысты
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, су тасқыны кезеңіне тән нозологиялар бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты тіркеу көрсеткіші өткен жылдардың орташа республикалық көрсеткішінен (2022-2023 жылдар) аспайды.

Барлық объектілерде инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті.

Эпидемиологиялық жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге, Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, жергілікті жерлердегі Денсаулық сақтау басқармасына хабарласуды сұраймыз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық тарихшы Айнұр Шукеева ғылымға 20 жыл өмірін арнады

PhD доктор, үздіксіз білім беру институтының басшысы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің тарих, география және әлеуметтік - гуманитарлық пәндер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img