spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
4.6 C
Kokshetau

Көкшетауда Халықаралық «СӘЛЕМ» комедиялық театр фестивалі өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көрікті Көкше төрінде былтыр бастау алған Халықаралық «СӘЛЕМ» комедиялық театр мерекесі биыл да жалғасын табады. Биылғы фестиваль Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай өткізіледі.   

 

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұйымдастыруымен осымен екінші мәрте өткізілгелі отырған комедия фестивалінде биыл Қазақстандық театрлармен бірге Түркия, Әзербайжан мемлекеттерінің өнер ұжымдары қатысып, өзара тәжірибе алмаспақшы.

–Фестиваль ағымдағы жылдың 1-4  мамыр аралығында  өтеді. Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында 1 мамыр сағат 17.00-де шараның салтанатты ашылуы болады. Өнер бәйгесіне 8 театр қатысуға ниет білдірді. Арнайы шақырылған театр мамандары «Үздік комедиялық қойылым», «Үздік актерлік ансамбль», «Үздік режиссура», «Үздік сценаграфия»,  «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік эпизодтық рөл», «Үздік дебют» секілді аталымдар бойынша бақ сынап, үздіктерді анықтайды. Ал, біздің театр ұйымдастырушылар ретінде фестивальден тыс өнер көрсететін боладі, –дейді аталмыш театрдың әдеби қызметкері Манарбек Қыдырбай.

Былтырғы дәстүр бойынша фестиваль аясында тақырыптық кездесулер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылатын көрінеді.

Іс-шараға қаланың және облыстың қоғам қайраткерлері, фестивальдің құрметті қонақтары, арнайы театр мамандары және барша БАҚ өкілдері шақырылыпты.

Бекзада өнерді құрмет тұтқан көзі қарақты көрермен бұл жолы да әртістердің талантына, өнеріне тамсанып, сахна киесін сезінеді деген ойдамыз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img