spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Жігіт сұлтаны» қалалық байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Достар» мәдениет сарайында «Жігіт сұлтаны» қалалық байқауы өтті. Байқауға Азаматтық қорғау академиясының, Қорғаныс басқармасының, № 5310 әскери  бөлімінің курсанттары, жоғарғы оқу орындарының, колледж студенттері  қатысты.

«Жігіт сұлтаны» байқауының мақсаты – адамгершілікке, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті, тарихты насихаттау, шығармашыл дарынды балаларды анықтау – дейді қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Күнім Уразбаева.

Байқау төрт кезеңмен өтті. Біріншісі – «Танысу» қатысушылар өздері туралы, хоббиі туралы әңгімелеп, презентациямен бірге бейнематериал көрсетті. Қатысушылардың әр қойылымы көрермендер үшін нағыз шоу болды.

Қатысушылар өздерінің музыкалық, вокалдық және көркемдік қабілеттерін көрсетті. Ж. Мусин атындағы  Қазақ педагогикалық колледжінің атынан  Алтынпіл Нұрлан шетелдік және қазақ хиттерін орындайтын театр қойылымын ұсынды. Қорғаныс басқармасынан Сабыров Рахат электронды гитарада музыкалық композицияны орындады, №5510 әскери бөлімінен  Бегежан Ұлархан домбырада қазақ күйін шебер ойнады.

Білім беру викторинасында қатысушылар қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері туралы өз білімдерін көрсетті.

Байқаудың барлық қатысушылары арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынды Сабыров Рахат, екінші орынды Кеңес Ахат, үшінші орынды Бегежан Ұлархан мен Нұрлы Әлімжан бөлісті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img