spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
7.1 C
Kokshetau

Тасқын судан зардап шеккен отбасылардың материалдық шығыны барынша толық өтелуі тиіс

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы тасқын судан зардап шеккен азаматтардың шығынын бағалау және залалды өтеу жөніндегі комиссия ағымдағы жылдың 2-5 сәуірі аралығында 92 өтініш қабылдап, оның 58-і бағалау жүргізуге жолданыпты. Бұл туралы Ақмола облысындағы материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияның жұмысына арналған өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте белгілі болды.

Брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин мен Көкшетау қаласы әкімінің әлеуметтік салалар жөніндегі орынбасары Даниярбек Нұрсейітов өңірде орын алған төтенше жағдайдың салдары мен оның шығындарын өтеу жайында мағлұмат берп, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Облыс аумағында су тасқыны наурыз айының үшінші онкүндігінде басталғаны белгілі. Алмас Аянұлының мәлімдеуінше, төтенше жағдай орын алғалы өңірде 40 жеке тұрғын үй, 2 уақытша тұру жайы, 67 жеке және 18 көпқабатты тұрғын үй аулаларын тасқын су басқан. Кейбір аудандық маңызы бар жолдарды су басу салдарынан 11 елдімекенде автокөліктердің қатынауы тоқтатылып, ауылдарға қажетті азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмектер арнайы техникалардың көмегімен жеткізілуде.

–Есіл және Нұра өзендерінің бойында 19 елдімекен орналасқан. Қосшы қаласы, Целиноград, Қорғалжын, Аршалы аудандары бойынша бұл қауіпті аймақта бір мыңға жуық үй бар. Қазіргі уақытта тиісті шаралар атқарылуда. Елдімекендердегі қауіпті мейлінше азайту бойынша қолдан келген жұмыстар жасалуда, –дей келе Алмас Алин облыста су басу қаупін азайту мақсатында жүргізіліп жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды. Сонымен, қызыл судың алдын алу шараларына облыстың барлық күш құрылымдарынан 2,5 мыңнан астам адам, 1 мыңнан аса жұмылдырылыпты.

–Бүгінде «Достық үйі» ғимаратында «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы іске қосылып, осы уақытқа дейін үйлерін су басқан 111 отбасына, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жапа шеккен тұрғындарға 15,5 миллион теңге сомасында материалдық көмек көрсетіпті. Сол секілді «Жүректен – жүрекке» акциясы аясында көпбалалы 20 отбасына азық-түлік, төсек орын жабдықтары, киім-кешектер мен тұрмыстық қажетті заттар әкелінген. Енді қазіргі уақытта материалдық залалдарды бағалап, шығындарды өтеу мақсатындағы комиссиясы өз жұмысын бастады, –деді басқарма басшысы.

Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу тиісті бұйрыққа сәйкес азаматтардың өтініші бойынша бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

–Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде менің қатысуыммен су басқан аумақтардың тұрғындарымен кездесіп, зардап шеккен үйлерге қандай көмек керегін сұрап, халыққа материалдық залал төлеу тәртібі түсіндірдік. Залалды өтеу қағидалары шеңберінде Шалқар 9А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 2 сәуірден бастап зардап шеккендерден өтініштер қабылдауда. Азаматтарға жедел қызмет көрсету үшін бөлімде құжаттарды қабылдаудың 5 терезесі іске қосылған, толық түсініктеме беру үшін консультанттар жұмыс істеуде. Қолданыстағы заңнамалар шеңберінде тұрғындардың материалдық залалын бағалау және өтеуді жөнінде арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына мемлекеттік мекеме басшылары, қалалық мәслихат төрағасы мен мәслихат депутататтары, Қоғамдық кеңес төрағасы, Әділдік жолы қоғамдық бірлестігі,  Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді, –деді қала әкімінің орынбасары.

Ағымдағы жылдың 2-5 сәуірі аралығында бағалау және залалды өтеу жөніндегі комиссия 92 өтініш қабылдап қарастырған, оның 58-і бағалау жүргізуге жіберілген, қалғандарын комиссия қарауында.

Залалды бағалау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіп, комиссия зардап шеккендерге төлем жасау туралы шешімді 3 жұмыс күні ішінде қабылдауы тиіс. Зардап шеккен тұлға өтінішпен қоса, қалпына келтіретін мүлік тізімдемесін ұсынады. Бұл ретте, бағалаушыны зардап шеккен азаматтың өзі таңдауға құқылы. Бағалаушының жұмысын, яғни құнын мемлекет төлейді.

Баяндамашылардың мәліметінен соң, журналистер тарапынан: «төтенше жағдайлар жарияланған кезде халықтың зиян келген мүлкі мен шығындары 100 пайыз өтеледі делінді, сол шығындар қаншалықты өтеледі?, оған қаржы қандай бюджет көздеріден құйылады?, үйлері суға кетіп, пәтер жалдап жүргендердің шығыны не болмақ? Қылшақты өзенінің жағасындағы үйлер сырылып, орнына басқа жерден тұрғын үйлер тұрғызылады ма? Бірінші, екінші жыл қатарынан су алып отырған жағдай емес, ондаған жылдар бойы су алатын қауіпті аймаққа котедж секілді нысандарды салуға кім рұқсат еткен?  Баспанасы жарамсыз болып, пәтер жалдап жүргендердің шығынын кім өтейді?  деген тәрізді көптеген сауалдар қойылды.

–Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің залалын өтеуге арналған 2014 жылғы Үкімет қаулысы бар. Соның негізінде зардап шеккендерге ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін комиссия шешіміне орай шығындар өтеледі. Төлем 30 күн ішінде жасалады. Бағалаушы есептеп берген баға бойынша төлейміз. Бағалаушының қызметін мемлекет өтейді. Егер төтенше жағдайдан кейін тұрғындардың баспанасы жарамсыз болып, пәтер жалдап кеткен болса, тиісті заңнамалық актілер негізінде 50 айлық есептік көрсеткіш ретінде бірыңғай жәрдемақы төленеді. Ал, егер су кірген үйді жалдап тұрған азаматтардың заттарына залал келетін болса, онда үй иесі мен пәтер жалдашының арасында келісім-шарт болса шығындары өтеледі, –деді қала әкімінің орынбасары Даниярбек Қалиұлы.

Брифинг барысында баяндамашылар тұрғындардың шығыны 100 пайыз өтелетіндігін, не өтелмейтіндігін түсіндіріп бере алмады. Жоғарыда аталған қаулы негізінде ең төменгі қажеттіліктер шеңберінде залал қалпына келтіреледі, не болмаса төленеді деген жауаптармен шектелді. Мәселен, бір отбасында 5 диван болса, онда екі адам ғана тұрса, қажетті сол екі адамға қажетті екі диванның құны ғана өтелетін көрінеді. Сән-салтанаттық бағалы, құнды заттар өтелмейді, тек сақтандыру құжаттары болса, сол сақтандыру компанияларымен байланысқа шығады. Оған қоса, қала бюджетінен нақты қанша қаржы қарастырылып отырғаны да белгісіз. Осы орайда, БАҚ өкілдері баяндамашыларға: «халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға нақты жауап бере алмайтын болсаңыздар, брифингті не мақсатта өткізіп отырсыздар?» деп сынға алды. Қала әкімінің зардап шеккен халықтың алдына шығып, не БАҚ өкілдерімен кездесіп, залалдарды өтеу мәселесін толық түсіндіріп, тұрғындардың шығыны қаншалықты өтелетініне жауап беруін өтінді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img