spot_img
Жексенбі, Қазан 13, 2024
-7.8 C
Kokshetau

Зейнетақы төлемдерін алдын ала есептеу мүмкіндіктері

Сондай-ақ...оқыңыз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақмола облысындағы филиалы зейнетақы төлемдері бойынша алдын ала есеп айрысу мәселесі жөнінде кеңес береді. Ол үшін филиалдың бөлімдеріне зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін үш ай бұрын жүгіну керек.

Кеңес алу үшін азаматтар жеке басын куәландыратын кәулігін, еңбек кітапшасын, білімі туралы құжатын, әскери билетін ала барулары тиіс. Сондай-ақ, әйелдер неке және бала туу туралы куәліктерін де апарулары керек. Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда, мұрағаттық анықтамаларды, сот шешімін және жұмыс өтілін растайтын өзге де құжаттарды ұсынуға болады. Мемлекеттік корпорация құжаттарды заңнамаға сәйкестігін тексереді. Құжаттар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда еңбек өтілін есептеу үшін қосымша құжаттар алуға мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге жүгіну қажет болады.

Айта кетейік, филиал қызметкері өтініш берушіге өтініш берген күні зейнетақы төлемін қағаз жүзінде алдын ала есептеу жөнінде және кеңес берілгені туралы ақпарат ұсынады. Қосымша құжаттарды алу үшін мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге жүгіну талап етіледі.

Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты мәселелер туындаған жағдайда 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақмола облыстық филиалының әлеуметтік қамсыздандыру  бойынша Көкшетау қаласының бөлімі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img