spot_img
Жұма, Қазан 4, 2024
12.2 C
Kokshetau

Сандықтауда адам бетінің бедерлі бейнесі бар ескерткіш табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Сандықтау ауданы Балкашино ауылының маңынан адам бетінің бедерлі бейнесі-монументалды өнердің ежелгі ескерткіші табылды.

Болжам бойынша, түркі кезеңіне жататын діни рәсімдерді өткізуге арналған қасиетті орын. Бет ерекшеліктері түркі бейнелеу өнеріне тән.

Ақмола облысының мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының мамандары және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің археолог ғалымы Данияр Тілеуғабылов бұл ескерткішті зерттеп, мемлекеттік қорғауға алды.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №288-VІ Заңының 4 – бабына сәйкес, анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олардың мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img