spot_img
Жұма, Шілде 19, 2024
13.7 C
Kokshetau

Көкшетауда мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Достар» МС-нда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен басталды.

Қатысушыларды кәсіби мерекемен Көкшетау қаласының әкімі  Бауыржан Ғайса құттықтап,  өз сөзінде мемлекеттік қызметші өзінің қызметтік міндеттерін кәсіби түрде орындауы, жұмыста адал, жауапты болуы, заңдылықты қатаң сақтауы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің, қала әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Жақында ғана мемлекеттік қызметкерлер арасында «Отан» облыстық спартакиадасы аяқталды. Спорттың жекелеген түрлерінде Көкшетау мемлекеттік қызметшілері бірінші орын алып, жоғары нәтижелер көрсетті.

Осындай  салтанатты күні қала әкімі   жеңімпаздарға  кубоктар, медальдар және грамоталар табыс етті.

Аталмыш іс-шара қаланың шығармашылық ұжымдарының орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда Жылу электр орталығының құрылысы 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау қаласында салынатын жылу электр орталығының жобасын іске асыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img