spot_img
Сәрсенбі, Қазан 16, 2024
-5.4 C
Kokshetau

Көкшетаулық әнші республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз

27 мамыр күні Көкшетау вокзалының перронында «Көкше» Мәдениет үйінің ұжымы Қызылорда қаласында өткен «Сыр Арна» республикалық вокалдық байқауында сәтті өнер көрсетіп, екінші орын алған әріптесі, музыка сабағының  жетекшісі Ақтоты Әбдірахманды гүл шоқтарымен қарсы алды.

– Мен өз бастамаммен композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Таймановтың 70 жылдығына арналған республикалық ән байқауына қатыстым. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 19 сайыскер қатысты. Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші күні мен композитор Таймановтың «Жүрек сыры» әнін орындап,  екінші кезеңге  өттім. Екінші күні жеті қатысушы қалды. Мен «Іңкәрім -ай» эстрадалық әнін орындап, екінші орынға ие болдым, марапатқа 500 мың теңге ақшалай сертификат алдым, – дейді Ақтоты.

«Көкше»  Мәдениет үйінің директоры Алпыстай Елеманов оның байқауға сапарын қолдады.

– Ақтотының шығармашылық жетістігіне қуанамыз. Биыл облыстық «Ән аға – Шәмші аға»  ән фестивалінде Гран-при жеңіп алып, енді Көкшетау қаласының атынан республикалық вокалшылар байқауында екінші орын алды. Ол дарынды қыз, бүгінгі жетістік бұдан да биік белестерге апаратын тамаша жолдың бастауы болғанын қалаймын», – деді Алпыстай Белгібайұлы.

Ақтотаның өзі Мәдениет үйінде «Шабыт» вокалдық студиясын басқарады. Ән айтады, музыкалық аспаптарда ойнайды, балаларға вокалдан сабақ береді

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img