spot_img
Жексенбі, Қазан 13, 2024
-9.2 C
Kokshetau

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәжіліс депутаттары, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Юлия Кучинская және Наталья Дементьева Көкшетаудағы 1500 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен кездесіп, өнеркәсіп орындарын аралап, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сонымен қатар, олар партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын да бақылауда ұстауда.

Бүгін депутаттар Айна Мысырәлімова, Юлия Кучинская және Наталья Дементьева Көкшетау қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан 150 орындық оңалту орталығынң және 1500 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.

Облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында құрылысы басталған, алайда, қаражаттың бөлінбеуіне байланысты тұралап қалған 150 орындық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығы соңғы үлгідегі оңалту жабдықтарымен  қамтылуы тиіс. Жоспар бойынша жылына бұл мекемеде шамамен 1800 адам денсаулығын оңалтуға мүмкіндік алады. 12  мың шаршы метрды құрайтын құрылыс нысанының жобасына түзетулер енгізілуде.

Сондай ақ, 1500 орындық мектеп құрылысында болған Мәжілістегі «АМАNАТ» фракциясының мүшесі Айна Мысырәлімова елімізде соңғы жылдары демографиялық өсу қарқыны жоғарылап, білім беру жүйесі үшін күрделі мәселе туындап жатқандығын, сондықтан мектептердегі орын тапшылығы бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне айналып отырғанын атап өтті.

Ал Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская мемлекет педагогика саласындағы кадр тапшылығын азайту және жастарды мұғалімдік мамандыққа тарту үшін жасалып жатқан шараларды атап өтті.

– «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Соңғы бірнеше жылда мұғалімдердің еңбекақысы екі есеге өсті. Балабақша тәрбиешілерінің де еңбекақысы 30 пайызға көтерілді. Ал, осыдан бір-екі ай бұрын ғана Президент депутаттар әзірлеген ғылым және білім туралы заңға қол қойды. Заңда белгілі бір ғылыми атақ-дәрежесі бар мұғалімдердің жалақысына ай сайын үстемеақы қосу қарастырылған. Бұл мұғалімдердің ғылымға ден қоюына ынталандырады»,- деді халық қалаулысы.

Айта кетерлігі, өткен жылы Ақмола облысында «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 1245 орындық 16 балабақша, 3512 орындық 5 мектеп ашылған болатын. Жалпы, 2027 жылға дейін облыста 39 мектеп салу, сондай-ақ 82 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, бұл күні Юлия Кучинская пәтер иелері кооперативінің төрағаларымен кездессе, Айна Мысырәлімова мен Наталья Дементьева этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесіп, барлық мәселелерін алдағы жұмыс үшін жазып алды.

Сондай ақ, бұл күні депутаттар партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселесімен қабылдады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img