spot_img
Жұма, Шілде 19, 2024
13.7 C
Kokshetau

Облыстық спартакиадаға 800-ден астам Ақмола мемлекеттік қызметшілері қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Кеңес Одағының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық «Отан» спартакиадасы өтті.

Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді жүйелі спортпен шұғылдануға тарту, командалық рухты, мақсаттылықты, ерік-жігерді, табандылық пен жеңіске деген ұмтылысты тәрбиелеу, – дейді «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Күнім Уразбаева.

Биылғы жылы спартакиадаға 20 командадан тұратын 800-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Олар спорттың сегіз түрінен жарысты – шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, гір көтеру, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жүзу және шахмат.  Жарыстың ареналары Зеренді, Ақкөл аудандарының спорт алаңдары, Көкшетау қаласындағы «Бурабай» спорт кешені болды.

Командалар өздерінің спорттық мүмкіндіктері мен адалдықтарын көрсете отырып, жеңіске жету үшін күресті.

31 мамыр күні «Достар» мәдениет сарайында қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті,

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді кубоктармен, медальдармен және грамоталармен құттықтап, қоян-қолтық ұрыстан еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қөкшетау қалалық мәслихат депутаты Мереке Жүсіпов, бокстан Әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов марапаттады.

2024 жылғы Спартакиада чемпионы Атбасар ауданының құрамасы атанды.  Екінші орынды Зеренді ауданының командасы жеңіп алды. Үшінші орынды Біржан сал ауданы құрамасы иеленді.

Спартакиада қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласына мемлекеттік қызметшілердің Республикалық Спартакиадасына баратын облыс құрамасы құрылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда Жылу электр орталығының құрылысы 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау қаласында салынатын жылу электр орталығының жобасын іске асыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img