spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
5.2 C
Kokshetau

Көкшетаудағы  №4 жалпы орта білім беретін мектепте мұражай ашылды  

Сондай-ақ...оқыңыз

Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар болса,мектеп тарихының да өзіндік тұнған сырлары бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс екенін түсінген мектеп директоры Хасенова Мадина Белгібайқызы зор жауапкершілікті бүгінгі күні толық атқарып шықты десек артық болмас. Бүгінгі күні тарих қойнауына енгелі отырған жүз жылдық тарихы бар № 4 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында мектеп тарихынан сыр шертетін тарихи мұражай ашылды. Ұсынылған тарихи экспозияцияларда ұлағатты ұстаздар өмірі мен тарихынан қысқаша естеліктер жазылып арнайы қабырғалардан орын алып,асқан талғаммен орналастырылған.

Мектеп мұражайының басты мақсаты – мұражайдағы тарихи құжаттар мен  жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұстаздарға деген құрметке тәрбиелеу, оларға кәсіби қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген адамдарды, мектептің жетістіктерін таныту, мектептің оқу-тәрбие  қызметіндегі бай тарихын уағыздау, түлектердің жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау, олардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру. Білім ордасындағы мұражай –оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын, патриотизмге тәрбиелейтін, сезімін оятып, зеректігін арттыратын үлкен тәрбие құралы.

Мұражайда мектептің тарихы мен оқу-тәрбие қызметін баяндайтын, осы мектепте еңбек еткен барлық ұстаздар мен мектептен түлеп ұшқан мыңдаған түлектері туралы мәлімет беретін, олардың осы білім ордасындағы қызметтері туралы естелік-сыр шертетін заттық, жазба жәдігерлер, фотоматериалдар жинақталған. Мектептің алғашқы ашылуы туралы Ақмола облысының мұрағат материалдарынан табылды. 4-ші мектептің алғашқы меңгерушісі 1954 жылы Ленин орденімен марапатталған Дмитрий Федорович Семенов болды. 1939 жылы мектеп» № 4 бастауыш мектеп » деп аталды. 1944 жыл – № 4 мектеп жеті жылдық деп жарияланды (қалада бірінші),1950 жылдан 1952 жылға дейін «№ 4 әйелдер мектебі», 1952 жылдан -» № 4 орта мектеп», 1956 жылдан- «Валериан Куйбышев атындағы № 4 орта мектеп», 1959 жылы № 4 орта мектеп болып аталды.

Сонымен қатар,әр уақытта мектептің басшылығында болған Вострикова Идея Николаевна, Москвина Любовь Александровна, Шеварева Галина Николаевна, Маликова Гүлнара Каиргельдиевна, Хасеинова Бибигуль Бековна және қазіргі уақытта мектеп директоры Хасенова Мадина Белгібайқызы туралы мәліметтер ұсынылған.

10 жыл бойы, 2002 жылдан 2012 жылға дейін мектепте «Біздің стиль» газеті жарық көрді, онда кез-келген адам: мектеп жаңалықтары, мұғалімдермен және оқушылармен сұхбаттар, өз шығармашылықтарынан өлеңдер, эсселер, әңгімелер мен конкурстар және тағы басқаларды жариялай алатын еді. Мұның бәрі мектеп газетінің беттерінде болды, оның шығуын бәрі асыға күтетін. Енді газет мұрағаты мектеп кітапханасында сақталып, ал кейбір көшірмелері витриналарда орналасқан.

Сонымен қатар, тарих беттерінен ойып орын алатын тұлғалар да бар. Солардың бірі: 1963 жылы ол күйеуімен бірге Дағыстаннан Көкшетауға келген Теңізбаева Хадича Халифовна Көкшетау қаласының № 4 орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, Халық ағарту ісінің үздігі, педагогика саласының ардагері деген сатыға дейін жетті, ардақты ұстаз қазіргі уақытта 98 жаста.

Екінші Голубева Евдокия Акимовна немесе ел ішінде баба Дуся деп атанып кеткен,  ҰОС ардагері, Еңбек ардагері. 1960 жылы мектеп табалдырығын аттай отырып, 52 жыл еңбек атқарды. Қазір мұражайда бір кездері онымен бірге жұмыс істеген суретші мұғалім Владимир Быстрицкий жасаған портретін мұражайға сыйға тарту еткен.

Қазіргі уақытта мектептің 8 түлегі жұмыс істейді, олардың барлығы әртүрлі пәндерден сабақ беруде.

Қабырғада орын алған келесі экспозция ұлы геолог ғалым, ҚазКСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті-Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналғанын көруге болады. Картамен жұмыс істеу және қосымша ақпарат алу үшін Сәтбаев туралы ақпараттық телеграм арнасына апаратын шағын QR-кодты орналастырылғанын. Мұнда 2018 жылы мектептің мұғалімдері С. В. Иванов пен А. К. Анешев ұйымдастырған Сәтбаевтың кен орындары бойынша АВТО-экспедиция туралы ақпаратпен танысуға болады. Ұсынылған құнды тарихи мұралар мен жәдігерлер келген ардагер ұстаздар мен мектеп ұстаздарына, оқушыларына ой саларлықтай болды.

Мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында  мұражай материалдарын(жәдігерлерін) пайдаланып «Ғасыр белесіндегі мектеп» атты мектеп тарихын баяндайтын ерекше сабақтар мен, түлектер кездесуін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Мектеп мұражайы қызметінің келесі бағыты құжаттарды жинақтау, экспозицияларды орналастыру, мұражай қорын толықтыру, өңдеу, құжаттау, заттық деректер жинау, оларды ғылыми түрде жүйелеу, халық арасында сақталып қалған жәдігерлерді жинастыру, оларды есепке алу, сақтау сияқты ағымдағы жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл жұмыспен көркем еңбек пәнінің мұғалімдері: Стародуб Наталья Алексеевна, Дермановская Ольга Борисовна, Врублевский Александр Иософович, тарих пәнінің мұғалімі Кузьмина Юлия Федоровна, география пәні мұғалімі Тарасевич Марина Николаевна және мұражай жетекшісі Терентьева Ирина Михайловналардың еңбегінің де зор екенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар мектеп мұражайын мектебіміздің төлқұжаты, қасбеті десек те болады. Мектепке келген кез-келген қонақтар, басқа білім беру ұйымдарынан келген әріптестер мектеппен танысуды мұражайдан бастайтыны мәлім. Белгілі бір жүйелілікпен, бірізділікпен, эстетикалық көркемдікпен, әсем дизайнмен жасақталған мұражай мектеп туралы жағымды көңіл-күй сыйлайтыны анық.                  Осындай жас ұрпақтың бойында отбасы, ата-ана, мектеп, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыруды, туған өлкенің тарихына, еліміздің өткені мен бүгініне құрметпен қарауды, адамгершілік-эстетикалық мәдениеті жоғары, ой-өрісі биік азамат ретінде қалыптастыруды мақсат еткен мектеп тарихы мұражайы ғасырлық тарихы бар мұражай ашылып «№4 жалпы білім беретін  орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде өз жұмысын бастап кетті. Сондықтан да мектептің тарихи мұражайы – мектептің айнасы екенін осыдан анық көруге болады.

№4 ЖОББМ ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Нұрсәуле Мұрат

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img