spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.7 C
Kokshetau

ӘКІМ КЕШЕ АЙТТЫ, ТАПСЫРМА БЕРДІ…БҮГІН ОРЫНДАЛА БАСТАДЫ!

Сондай-ақ...оқыңыз

Кеше (13 ақпан 2024) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ Бұланды ауданының су ала бастаған және суға кету қаупі бар біраз ауылдарды аралап, жедел штабтың мәжілісін өткізіп, жергілікті тұрғындармен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нақтылы тапсырмасы бойынша зардап шеккен жан иесі қолдаусыз, көмексіз қалмайтындығын айтып, жедел арада залал шеккен Журавлевка, Капитоновка, Ивановка, Николскі, Вознесенка ауылдары тұрғындарының шығындарын анықтауды тапсырған болатын.
*****************
Облыс әкімінің кешегі берген нақтылы тапсырмасы орындала бастады. Бүгін (14 ақпан 2024) арнайы комиссия судан зардап шеккен ауылдарда жүр. Бұл комиссияның құрамында аудандық штаб мұшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары, еріктілер, ел ағалары, ауыл белсенділері бар.
Олар судан зардап шеккен әр үйде болып, зардапты хаттап-шоттап жатыр.
Комиссия мүшелерінің назарынан зардаптың бірде-бірі қағыс қалып жатқан жоқ.
Ауылдардың халқы мен комиссия мүшелері арасында әлдебір жылы жанашырлық пен түсіністік қалыптасқан.
Сол түсіністік халықтың сенімін оятып отыр.Ауыл тұрғындары өздерінің қамқорлықсыз қалмайтындықтарына иланып, қазір бәрі де, өз шаруаларын күйттеп, қора-қопсыларын түзеп, сенімді де жарқын көңілмен тірлік кешуді бастады. Бәрі де сабырлы!
**********************
R.S. Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ су ала бастаған Атбасар қаласында өткен жұма (11 сәуір 2004) күні болып, жедел шара қолданып, судың бетін қайтарудың басы-қасында өзі жүріп, зардапты анықтап, зардап шеккендердің шығынын анықтап, дереу өтемақы жасауды тапсырған болатын.
Судан зардап шеккендерге кешеден бері өтемақы беріле бастады.
Бұл зардап шеккен кімде-кім болсын қамқорлықсыз қалмайтындығын көрсетеді.
Бір болайық! Қиындықты айқай-шусыз сабырмен бірлесіп шешейік!

Жабал Ерғалиев. Жазушы, драматург, сенаторлар кеңесінің мүшесі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img