spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
8.4 C
Kokshetau

Көкшетаудағы Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақтың біртуар перзенті, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, геолог-ғалым, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, Көкшетаудағы оның ескертішіне облыс әкімі Марат Ахметжановтың  атынан гүл шоғы қойылып, рухына тағзым етілді. Іс-шара «Өмірі  өнеге» атты ғылыми конференциямен жалғасты.

Атақты ғұлама ғалымның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алиннің құттықтау сөзімен басталды.

–Биыл халқымыздың біртуар азаматы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуы барша Қазақстан бойынша тойлануда. Бүгін оның ғылымға қосқан зор еңбегі ұлықталып, қаламызда үлкен конференция өткізілуде. Халқының ардақтысы бола білген ғалымның жүріп өткен жолы жастарға үлгі-өнеге, –дей келе Алмас Аянұлы сәтбаевтанушылардың еңбегіне тоқталып, жастарға оның ашылмаған қырларын зерттейді деген сенімін білдірді, ғалымның еңбек жолын насихат етті.

Тәрбиелік мәні зор шараға сәтбаевтанушы, еңбек ардагері Мейрамбек Қиықов, Көкшетау қалалық ардагер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, «Қоғамдық даму орталығының» қызметкерлері мен білім ордаларының студенттері қатысты.

–Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, қазақтың маңдайына біткен, ұлтының атын әлемге танытқан Қаныш Сәтбаевтың ел болып атап жатқанымыз үшін қуанып тұрмын. Жаңа Қазақстанның азаматы Сәтбаевтай болу керек. Оның халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі жастарға, мемлекеттік қызметшілерге, болашаққа да үлгі боларлық. Оның бізге қалдырған мұрасын бүгінгі ұрпақ көріп отыр. Ертіс–Қарағанды каналы да Сәтбаевтың ұсынысымен салынды, –деп ғалымның қазақ елі үшін жасаған бірқатар еңбектеріне тоқталып, жастарға Медеу Сәрсекенің Қаныш Сәтбаев туралы жазған  кітабын оқып шығуға кеңес берді.

Шара соңында академиктің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жиналған қауым естелік суретке түсті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img