spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.9 C
Kokshetau

Енді көкшетаулықтар мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда ала алады

Сондай-ақ...оқыңыз

ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады. Көкшетауда азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын  connection point ашылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы «РИО» ОСО орналасқан.

Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және т.б. сияқты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.

«Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 40-тан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img