spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
12.2 C
Kokshetau

Көкшетауда шахматшы Әл Искандер Әділетұлына құрмет көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов Астана қаласында өткен «ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы О.А. Черепанованың мемориалы» атты «Б» республикалық турнирінде бірінші орын алған Әл-Фараби атындағы ІТ-лицейдің 6 сынып оқушысы Әл Искандер н құттықтады, деп хабарлайды Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Әл Искандер 7 жасынан бастап шахматпен айналысады, жасөспірімдер арасында облыстың үш дүркін чемпионы. Мектеп лигаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Өткен жылы мектеп командалары арасындағы республикалық чемпионатта екінші орын алды, сонымен қатар «классикада» Қазақстан Республикасының Балалар Кубогында екінші орын және «блиц» номинациясында бірінші орынды жеңіп алған.

2022 жылы Әл Искандер 10 жасқа дейінгі балалар арасында өткен «Winter cup» республикалық турнирінде, Қостанайда Уфимцев мемориалында бірінші орындар және Ғабит Сатмағанбетов атындағы қайырымдылық фестивалінде үшінші орын иеленген.

Шахматта үлкен жеңістерге жетуге оған математикадағы терең білімі көмектеседі, бұл әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардағы жүлделі орындармен расталады. Шахмат федерациясы облыстық филиалының атқарушы директоры, халықаралық гроссмейстер Серік Темірбаев оған үлкен үміт артып отыр. Қазіргі уақытта Әл Искандер Қазақстан Кубогы мен Азия чемпионатына дайындалуда.

Мәслихат және облыстық шахмат федерациясының төрағасы Б. Жүсіпов жас шахматшыға естелік сыйлық және оның ата-анасына алғыс хатын тапсыра отыра, одан әрі үлкен табыс және жаңа жеңістер тіледі. Сондай-ақ  ол Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2027 жылға қарай бастауыш сынып оқушыларының 20%-н шахмат сабақтарымен қамту, білім беру ұйымдарында кемінде 200 шахмат клубын ашу күтілетінін атап өтті.

Кездесуге қатысқан Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаров  пен  Көкшетау қаласының депутаты Гүлайым Есенова Әл Искандерді құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img