spot_img
Жұма, Қазан 4, 2024
12.2 C
Kokshetau

Көкшетаудың автобус аялдамаларында пандустар тапшы.

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудың автобус аялдамаларында пандустар тапшы. Бұл ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы бірлесіп жүргізген арнайы мониторинг кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығының басшысы Василий Шиманскийдің айтуынша, бүгінгі таңда автобус аялдамаларына арбамен мінуге қажетті пандустардың тапшылығы туындап отыр. «Осы жылы мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін барлық жағдайы қарастырылған жаңа автобустар сатып алынды. Мүгедектер қаланың кез-келген бөлігінде қоғамдық көлікті пайдалана алады. Бұл әрине өте қуантады, себебі біз сияқты адамдарды тасу қызметін көрсететін «Инватакси» ұйымы барлық мүгедектерге қызмет көрсетіп үлгермейді. Бірақ, осы автобустарды толыққанды дәрежеде қолдану үшін белгілі бір қосымша жағдайлар жасалуы тиіс. Мәселе осыған бейімделіп үлгермеген автобус аялдамалары жөнінде. Олардың көпшілігінде пандустар жоқ, мүгедектерді түсіру және мінгізуге арналған арнайы алаң да жоқ. Яғни, көлік бар, ал оны қолдану мүмкіндігі ылғи туа қоймайды» – дейді Василий Шиманский. Жеке бизнес нысандарына қатысты да көптеген кемшіліктер бар. Әдетте пандустар қолдану үшін жарамсыз, белгіленген талаптарға сай келмейтін, көпшілігінде тайғанауға қарсы қаптамалары жоқ, ұсталынатын жерлері құрылыс нормаларына сай келмейді. Департамент қызметкерлері жобалық кеңсе өкілдерімен бірлесіп, аталған нысандарға тексеріс жүргізіп, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлардың жасалмағанына көз жеткізді. «Жобалық кеңсенің басшысы Самира Тайтенова алдағы уақытта уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды шақырумен үш жақты кездесу өткізіліп, осы мәселелердің түбегейлі шешілуі бойынша тиісті әрекеттер жоспары қабылданатынын атап өтті», дейді Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img