spot_img
Жексенбі, Маусым 23, 2024
25.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «РУНА ЖАЗУЛАРЫ» атты фестиваль өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» үйінің алаңында «РУНА ЖАЗУЛАРЫ» атты түркі жазбалары күндеріне арналған фестиваль өтті. Шара өңірдегі түркі халықтарының басын біріктіріп, ұлтаралық ынтымақтастық пен бірлікті күшейту, достық қарым-қатынас пен өзара келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев «Түркі мемлекеттері» ұйымының  мерейтойлық 10-шы саммитінде: «Біз бабалар өсиетін орындап, Түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат, өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау. Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Сондықтан, Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу бәрімізге ортақ міндет», деп Түркі халықтарының бірлігін дәріптеудің маңыздылығы жайында айтып өткен еді. Бүгінгі таңда, елімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясат түрлі этнос өкілдерінің тату-тәті, ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіне ықпал жасауда. Түбі бір түркі халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ғұрпы ортақ, тілдері ұқсас. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер, ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылым және әлемдік сауданың орталарына айналған орта ғасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты, –деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин өңір басшысының атынан құттықтау сөз сөйлеп.

Еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері, қаламгер Жабал Ерғалиев «Қазақ руханияты мен әлемдік мәдениетте орны бар «Руна жазулары» көне тарихымыз бен мәдениетіміздің түп төркіні. Баршаға белгілі Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетіне көне Күлтегін жазуының көшірмесі әкелінді. Бұл біздің тарихымыздың, жазуымыздың әріде жатқанын көрсетеді. Қазіргі уақытта, сол жазуларымыздың бәрін біріктіретін біздің мемлекеттік қазақ тілі екенін бәрімізде мойындап отырмыз. Сондықтан. қазақ тілі арқылы бүкіл Қазақстанды мекендеп отырған ұлттар мен этностардың мәдениетін біріктіру саясаты жүріп жатыр», – деп атап өтті.  Бұдан әрі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің  профессоры Сәбит Жәмбек, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдастық бірлестігінің төрағасы Умар Шоназаров,  «Ақмола облысының Орыс қауымы» қоғамдастық бірлестігі төрағасының орынбасары,  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Н.В. Замолоцких сөз сөйлеп, жиналған қауымды атаулы мерекемен құттықтады. Бұл ретте, тарихшы, ғалым Сәбит Нұрмұхаметұлы көне жазуымыздың сан ғасырлық тарихынан деректер келтіріп, баяндама жасады.

Бұдан басқа, ашық аспан астында өткен фестивальдің сәнін келтірген қатысушылар, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қарамағындағы Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Әзірбайжан, Татар және Чуваш этномәдени бірлестіктері барша түркі халықтарына ортақ жазу – көне Руна жазуының элементтеріне тоқтала отырып, өз ұлтының мәдениеті мен өнерін қала тұрғындары мен қонақтарының  назарына ұсынды.

Шарада мерекені өткізуге ат салысқан әрбір этномәдени бірлестіктің ұжымы Облыс әкімі орынбасарының атынан Алғыс хаттармен марапатталып, фестиваль соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «MIND»акселератор командаларының Ақмолалықтармен кездесуі өтті

 Іс-шара Қазақстандағы БҰҰДаму бағдарламасының (БҰҰДБ), ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының қоғамдықжобалық кеңсесінің және Maqsut Narikbayev Universityқолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі топтар мен ұйымдар,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img