spot_img
Жұма, Шілде 19, 2024
15.7 C
Kokshetau

Көкшетау қаласында «MIND»акселератор командаларының Ақмолалықтармен кездесуі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

 Іс-шара Қазақстандағы БҰҰДаму бағдарламасының (БҰҰДБ), ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының қоғамдықжобалық кеңсесінің және Maqsut Narikbayev Universityқолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға түрлі топтар мен ұйымдар, атап айтқанда тұрақты даму мақсаттары жөніндегі топтары, Ақмола облысы әкімдігінің басшылығы, фасилитаторлар тобы, БҰҰДБ басшылығы мен сарапшылары, қалалар мен аудандар мәслихаттарының хатшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, салалық басқармалардың басшылары, мүдделі тараптардың өкілдері, өңірдің үкіметтік емес бірлестіктері, даму институттары, екінші деңгейдегі банктер мен бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – «MIND» Акслераторыныңкомандаларының жобалық бастамаларын бизнес, мемлекеттік басқару өкілдері және жергілікті қоғамдастықпен талқылау болды. Аталмыш кездесу әртүрлі мүдделі тараптар арасындағы диалогты нығайтуға және жергілікті қоғамдастықтың тұрақты даму жобаларын іске асыруға ықпал етті.

Іс-шараның маңызды сәттері – өңірдегі өмірдің әртүрлі аспектілерін жақсартуға бағытталған, денсаулық сақтау, білім беру, экономикалық даму және экологиялық бастамаларды қоса алғанда, ағымдағы жобаларды таныстыру болды. Экономикалық қиындықтар, экологиялық мәселелер және әлеуметтік сын-қатерлер сияқты өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар талқыланған мәселелердің ықтимал шешімдерін және әртүрлі мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықтың болашағын ұсынды. Сондай-ақ, Ақмола облысында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануға болатын инновациялық тәсілдер мен технологиялар таныстырылды.Ақмола облысында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануға болатын инновациялық тәсілдер мен технологиялар таныстырылды.

Кездесу жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері үшін жобалармен танысуға, пікір алмасуға және өңірлік бағдарламалар мен бастамаларды жақсарту үшін ұсыныстар енгізуге бірегей мүмкіндік берді. Жаңа байланыстар орнатылып, әрі бірлесіп жұмыс істеуүшін жаңа жоспарлар белгіленді.

Іс-шара Орталық Азияға арналған ОДМ Платформасын құру жөніндегі, Еуропалық Одақ қаржыландыратын БҰҰДБ жобасы аясында ұйымдастырылды. Білім алмасу орталығы ретінде қызмет ете отырып, Платформа аймақтағы орнықтылық бойынша прогресті бақылайды және оны назар аударуды қажет ететін салаларды анықтау арқылы жеделдетеді.

*«MIND» Акслераторы елдіміздің әртүрлі аймақтарында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін инновациялық шешімдерді жасау және енгізу бойынша белсенді жұмыс істейді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда Жылу электр орталығының құрылысы 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау қаласында салынатын жылу электр орталығының жобасын іске асыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img