spot_img
Бейсенбі, Қазан 24, 2024
4.2 C
Kokshetau

Дәрігер – мамандықтың асылы!

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы өз Жолдауларында «Елімізге еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деп атап өткен болатын.

Қоғамда,  ортамызда өз еңбегімен көпке үлгі боп жүрген жандар аз емес. Мамандыққа деген адалдық тек өз ісін шынайы сүйетін жандардың бойында болатыны хақ.  Еңбек адамының қызметі, тәжірибесі, білімі мен біліктілігі кейінгі жастар үшін бағыт-бағдар болып тұрады. Олар айтпаса да, бар құрметке лайық.

Еңбек адамының мәртебесін арттыру мақсатында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы»  КММ «Еңбек адамы» айдарын бастаған болатын.

Айдарымыздың кезекті кейіпкері – медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген еңбек адамы, өз ісінің білікті маманы, Көкшетау қалалық емханасының ШЖҚ МКК жанындағы Фтизио –  Пульмонологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Тамилям Нурдунқызы Шаяхметова.

Еңбек өтілі 35 жылдан асқан ақ халатты абзал жан  Тамилям Нурдунқызы өз жұмысын адал атқарып отырған тәжірибелі маман. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Фтизиатрмен қатар Пульмонолог қызметін де қатар атқаруда. Бүгінде бөлімшенің басшылық жұмысын тиімді және жоғары деңгейде ұйымдастырып отыр.

«Жұмысымыз оңай емес. Бізге келген адамдар көп үміт артады. Ал біз соны ақтауымыз керек. Дәрігердің ең қуанышты сәті – аурудан емделіп шыққан науқастың алғысын алу. Емхана менің екінші үйім, ал науқастар отбасым», – дейді кейіпкеріміз.

Ел азаматтарының денсаулықтарына қамқорлық жасап жүрген медицина саласының ардагері Тамилям Нурдунқызын және барлық медицина қызметкерлерін өткен кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат, қызметтеріне табыс, отбастарына амандық тілейміз!

 

Айгүл Үстембек,

«Қоғамдық даму орталығы» КММ

Ақпараттық – талдау бөлімінің маманы

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстансаяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі деп жариялады

Достар, сүйінші жаңалық! Әлемдегі жетекші баспа Lonely Planet Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img