spot_img
Жұма, Шілде 19, 2024
13.7 C
Kokshetau

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ-2025. КӨКШЕТАУ

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

———————————-
Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз.
Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі.
Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын!
( Атырауда өткен үшінші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінен,
15 сәуір.2024 жыл.)
————————————————————————————————————-
Бүгін (18 маусым 2024) Көкшетауда 2025 жылы Көкшетауда өтетін Төртінші Ұлттық Құрылтайдың отырысын ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар енгізуге арналған «SARAP» эксперттік тобының жиыны болып өтті.
Жиынды «Қазақстандық қоғамдық даму институты» басқарма төрағасының орынбасары Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев ашып, жүргізіп отырды.
-Ұлттық Құрылтай біздің Президентіміздің бастамасымен құрылып жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық кеңес рөлін атқарады. Бірінші құрылтай Ұлытауда, екінші құрылтай Түркістанда. Үшінші құрылтай Атырауда өтсе, келесі төртініш құрылтай Көкшетауда өткелі отыр.
Бүгінгі кездесу барысында осы төртінші құрылтайда қандай мәселеге мән беру қажеттігін алдын-ала анықтап алу үшін келіп отырмыз-,дей келіп Олжас Бейсенбаев Ұлттық құрылтайдың маңыздылығына тоқталды.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, Ұлттық Құрылтай мүшесі Жұлдыз Сүлейменова бейне байланыс арқылы өткен Құрылтайларда айтылған жайлардың маңызхдылығына және ороындалу жайын қысқаша айтып берді.

Келесі сөз маған беріліп, өз ойымды ортаға салдым.

-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзі біздің барлық идеологиялық бағыт-бағдарымызды анықтап тұр.
Ұлттық жаңғырудың жаңа қағидаларын ұсынылды. «Жаңару мен жаңғыру жақсылыққа жол ашады» деп Президентіміз жаңа алты құндылықтарды:
«Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ», «Әділдік және Жауапкершілік», «Заң және Тәртіп, «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және Жаңашылдық» сияқты қағидалар ендігі арада дамуы аса күрделене түсер осы және алдағы ғасырларда біздің халқымыздың Тәуелсіздік жүгін жолда қалдырмай, аударып алмай сол тәуелсіздікті ұрпақтан ұрпаққа ұлы мирас ретінде табыстап отыру үшін тарихи маңызы зор екендігін ұғына түсуге тиістіміз,-дей келіп «Тағы да бір көңіл түпкіріндегі қуанышымызды серпілткен жай, Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізу туралы Президентіміздің ұсынысы еді.
Мәртебелі Президентіміз «Жер шоқтығы Көкшетаудың» бәсін арттыра түсті! Қалың Көкшетау елі қуаныш үстінде қазір! «Арқада жер жетпейді Бурабайға, ертеде қоныс болған Абылайға» деп ақын Мағжанның, «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» деп ақын Сәкеннің сыр сандық көңілдерінен жыр болып төгілген Кербез Көкшенің Ұлттық Құрылтай өткізуге терең тарихы да, серілігі мен салдығы да, керім сұлу табиғаты да жарап тұр, жарасып тұр!
Бурабайдың, одан қалды тұтас қазақ елінің қайталанбас табиғатын бұла қалпында сақтап қалуға айрықша мән берер кез келді.
Жалпы төртінші Ұлттық құрылтай осы табиғатты қорғауға, сақтауға байытуға арналса деймін.
Айналаны қоршаған табиғатпен бірге Адам табиғаты да бар!
***
Әрине, әлі де талай бір ойлар мен пікірлер айтылары да анық. Нақтылы бір тоқтам болары да анық. Осы жиынға қатысып, өз ойларын огртаға салғандардың пікірлері осындай тұжырымға жетеледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда Жылу электр орталығының құрылысы 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау қаласында салынатын жылу электр орталығының жобасын іске асыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img