spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

19 шілде – металлургтер күні

Сондай-ақ...оқыңыз

Металлургтер күні жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Еліміздегі аса маңызды мерекелердің бірі саналады. Қазіргі таңда Ақмола облысында жеті ірі металлургиялық кәсіпорындар ел игілігіне қызмет етіп келеді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Металлургтер күні барлық өндірістік салалар арасында аса маңызды мереке деп атасақ қателеспейміз. Өйткені металлургтердің тиісті үлесінсіз қазіргі экономиканың бір де бір саласы айналып өтпейді. Кәсіпорындардың жұмысы сондай-ақ әрбір адамның күнделікті өмірі аса ауыр металлургтердің қажырлы еңбегімен тікелей байланысты.

Металлургиялық өнеркәсіптер Ақмола облысындағы өңдеуші өнеркәсіптердің жетекші секторларының бірі болып табылады. Қазіргі таңда өңірде барлық өндіріс орындарының 50 пайыздан астамын құрап отыр. Салада 7 ірі кәсіпорын қызмет етуде. Олардың іргелі еңбегінің арқасында жыл сайын 350 миллиард теңгенің өнімі өндірілуде. Аталған кәсіпорындар уран, алтын құрайтын концентраттар, өңдеуден өтпеген алтын мен мыс концентраттарын шығаруда. Темір, метал, алтын құрайтын және уран рудалары өндірілуде, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше өңірде металлургиялық салада аса ірі 7 кәсіпорын қызмет етуде. Сонымен  Ақмола облысының металлургиялық кәсіпорындарына қысқаша сипаттама беріп өтсек.

«Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамы Қазақстанның алтын өндіретін аса ірі кәсіпорындарының бірі. 1991 жылдан бері Васильков кен байыту орнында катодты алтын өндіріп келеді. 2008 жылы жаңа алтын өндіру фабрикасының құрылысы белсенді түрде жүзеге асып, 2009 жылдың төртінші тоқсанында аяқталған. Қазіргі таңда жаңа фабриканың өндірістік қуаты жылына 8 миллион тоннаға дейін руданы өңдеп, 12,5 тоннаға дейін таза алтын өндіруге қабілетті. Кәсіпорын толық күшінде жұмыс істеуде.

Степногорск қаласындағы Ақсу кен байыту орнында орналасқан «Қазақалтын» акционерлік қоғамы Қазақстандағы алтын өндіретін және өңдейтін іргелі кәсіпорындардың бірі. Бұл кәсіпорынның тарихы сонау 1932 жылдан жалғасады. 88 жылдан беі компания 400 тоннадан астам алтын өндірген. Қазақалтын кәсіпорнының құрамына «Ақсу руднигі», «Бестөбе кен байыту орны», «Жолымбет» сияқты үш алтын өндіру орындары кіреді. Аталған кәсіпорындарда техногендік минералды түзілістеді өңдейтін жаңа құрылыстар салынған.

Алтын өндіретін аса ірі кәсіпорындардың бірі — ТОО «RG Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі .  Кәсіпорын 2013 жылы бұрынғы «Голд Ленд» компаниясы базасында салынған. 2010 жылы бұл кәсіпорын Бурабай ауданында орналасқан 200 шаршы метр аумақта алтын құрайтын рудаларды өңдеуді жүзеге асырған. Ал «Голд Ленд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2015 жылы индустрияландыру картасы шеңберінде дайын өнім өндірісін 2 есеге дейін ұлғайтып алтын құрайтын руданы өңдеу қуатын одан әрі кеңейтуді жүзеге асырды. 2021 жылы компания жылына 4 миллион тонна алғашқы руданы өңдеу бағдарламасын кеңейту бағдарламасы шеңберінде алтын өндіретін фабриканы іске қосуды жоспарлап отыр.

Степногор тау-кен химиялық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Степногорск қаласындағы аса ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Өндіріс орны сонау 1968 жылы пайдалануға берілген. Негізгі бағыты алтын, мыс, уран шикізаттарын құрайтын шикізаттарды өңдеу. Өндірістік қуаты жылына 4000 тоннаға дейін уран, 1 миллион тоннаға дейін мысты-молибден өңдеуге қабілетті. Кәсіпорын экспорттық өнімдерді өндіре отырып, «Қазатомпром» акционерлік қоғамын уран рудасымен қамтамасыз етуде.

«СЕМИЗБАЙ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылы құрылған. Уран құрайтын рудаларды өңдеу және өндірумен айналысып келеді. Уран өндірісі жерасты ұңғымалары арқылы өндіріліп, қоршаған ортаға әсері барынша төмендетілгенін атап өткен жөн.

«Өркен-Атансор» өкілдігі Ақмола облысының аумағындағы «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. «Атансор» кен байыту фабрикасында Швециялық заманауи жабдығы орнатылған. Ұсату жабдығы сағатына 400 тоннаға дейін қуаты бар. Темірдің алудың пайыздық үлесі 55 пайызды құрайды.

Бүгінгі таңда ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып жатқан Ақмола облысының тау-кен және металлургиялық саласында 8 мыңнан астам адам қызмет етуде.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img