spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Алтыншаш Ахат: Ұлттық Кеңес отырысында ауыл мен қала мектептерінің байланысын нығайту мәселесі көтерілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінгі  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын үлкен тебіреніспен тыңдадым. Білім саласы жайлы Мемлекет басшысы айтқан тың өзгерістер бізге зор міндеттер жүктейді. Әсіресе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік саясаттың   білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқындауға сәйкес жүзеге асырамыз» дегені барша педагогтар үшін үлкен серпіліс болары анық.  

Ел Президенті Қазақстанның білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда үлкен айырмашылықтың байқалғанын атап өтті. Осыған орай мектеп мәселесіне байланысты жоспарланған шараларды атап өтті:

Бірінші, Қазақстанның мектептері жақсы жабдықталып, сыныптағы оқушылар санының көп болмағаны қажет.

Екінші, 2025 жылға қарай 650 орындық және одан да көп оқушыға арналған 800 жаңа мектеп; ауылдардағы тірек мектептер үшін 114 интернат; 700-ден астам спорт залдарын салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, кеңес мүшелерінің назарын қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасын шешу жөніндегі міндеттерге аударды. Білім беру саласындағы басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек екендігі айтылды.

Үшінші, 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару және оларды қаржыландыру облыстық деңгейге өтетін болды. і.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруға шақырып, бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару қажеттігін айтты.

«Олар тіл үйрету барысында, негізінен, оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алтыншаш Ахат, 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

    

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img