spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
6.2 C
Kokshetau

Бурабайдағы «Қазақстандық Лапландияда» қысқы маусым басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні Бурабай баурайындағы «Қазақстандық Лапландия» ертегі-мұз қалашығында қысқы маусымның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабайдағы Санта-Клаустың резиденциясында мұз айдынында коньки теуіп, бұғы және ит жеккен шанамен сырғанай аласың. Сондай-ақ Санта-Клауспен, эльфтармен және өзге де ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, суретке түсуге болады.

Соңғы кездері «Қазақстандық Лапландия» балалармен бірге ересектердің де сүйікті мекеніне айналып отыр. Мұнда жыл сайын мыңдаған адам келіп, көңіл көтеріп қайтады. Қазақстанның әр өңірінде тұратын балалар Санта-Клаусқа қыс бойы хат жаза алады. Оларға міндетті түрде жауап жазылатыны айтылуда.

Маусымның ашылуына бұл жолы да облыстың əр өңірінен жиналған ересектер мен балдырғандар қатысты. Шараны ұйымдастырушы «Бурабай Даму» ЖШС келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуанышқа бөледі.

фото: borovoe.kz

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img