spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.6 C
Kokshetau

Ақмола облысында жолда қалған түркиялық 3 азамат құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында көлігі істен шығып, жолда қалған түркиялық азаматты құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жүк тиелген көліктің жанармайы қатып, бірнеше сағат бойы жолда қаңтарылып тұрған.

«Ақмолалық жол-патрульдік полиция экипажы күн сайын жолдарды бақылап, қиынға жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетеді. Бұл жолы «Екатеринбор – Алматы» тас жолының бойында, яғни, Целиноград ауданының Астраханка ауылы тұсында осындай оқиға орын алды. Полиция капитаны Азамат Сапарова және полицияның аға лейтенанты Асқар Игібаев республикалық автокөлік жолын бақылау кезінде жол шетінде тоқтап тұрған «Iveco» көлігін көздері шалады. Көлік жүргізушісінен мән-жайды сұрай келе, полиция қызметкерлері көліктің жанармайы қатып, тоқтауға мәжбүр болғанын анықтады. Жүргізуші мен екі көмекшісі Түркия азаматтары және жүк тасымалымен айналысады. Тәртіп сақшылары түркиялық азаматтарды өтіп бара жатқан өзге көліктерге отырғызып, елордаға жіберді. Ал өздері штелдік көлік пен ондағы жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті»,- дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img