spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 27 шілдедегі Жарлығымен Ақмола облысының Целиноград ауданы құрамынан Қосшы ауылы бөліп алынып, Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала болып құрылған-ды.
*************************
Қосшы қаласы-Қазақстандағы, одан қалды Ақмола облысындағы жас қалалардың бірі. Күн сайын өсіп, күн сайын өркендеп, күн сайын дамып келе жатқан қала!
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кезекті жұмыс сапарымен Қосшы қаласындағы «IL TOV» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте болды.
Бұл серіктестік инвестициялық жоба бойынша жалпы құны 3 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорынды іске қосып, өнім шығаруды жолға қойған болатын.
Құс етінен жартылай фабрикаттар дайындап шығаратын бұл кәсіпорын Қазақстан мен Орталық Азияда әзірге жалғыз дара екендігін атап өткен ләзім.
Зауыт жартылай фабрикаттардың алғашқы партиясын бірнеше ай бұрын шығара бастаған-ды.
Жылдық қуаттылығы 3000 тоннадан астам дайын өнім шығара алатын кәсіпорында Германия мен Испанияның осы заманғы озық технологиялық жабдықтары орнатылған.
Жаңа әрі қуатты кәсіпорынның дайын өнімдері қазіргі уақытта Қазақстанның ірі қалаларына сатылуға жіберіліп жатса, алдағы уақытта көршілес Ресей мен Өзбекстанға да жіберілетін болады.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кәсіпорынның жұмысына жақсы бағалап, Қосшы қаласында алғашқы кәсіпорын ашылып, өнім шығарыла бастағандығын табыс есебінде атап көрсетіп, бұл өнімдер алдағы уақытта Қосшы қаласының брендіне айналуы керек деді.
Қосшыдағы осы серіктестіктің директоры Сәния Омарова ханымның айтуынша тағы да қосымша екі желі орнатылып, 4 миллиард теңгенің инвеститциясы тартылып, өндіріс қуаты арта түспекші.
Қосшы өркендеп келеді.Қосшы дамып келеді!
Бұл Қазақ елінің өркендеп келе жатқандығының бір айғағы!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img