spot_img
Дүйсенбі, Қазан 14, 2024
1.2 C
Kokshetau

Төтенше жағдай

Тағы да су тасқыны. Өткеннен сабақ ала алмай келеміз…

Бүгінгі таңда елімізді әбігерге салған су тасқыны әлі сейілер емес. БАҚ, әлеуметтік желілер төтенше жағдайдағы елді мекендерді, су басу қаупіндегі ауылдарды жіпке тізуде. Бұл ақпараттарды ескерсек, елімізде бұрын қалың қар жауып, қыс болмаған ба деп қаласың? Әсілі олай емес,...

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 30-дан астам отбасына материалдық көмек көрсетілді

Табиғаттың тосын мінез көрсетуі нәтижесінде қар тез еріп, Ақмола облысында кейбір елді мекендерде, оның ішінде Көкшетау қаласы да бар, су тасқыны орын алды. Тұрғын үйлер суға кетіп, мал мен жанға қауіп төндірді. Осы орайда, қиын жағдайға душар болған жерлестерімізге қолдау...

Көкшетау қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Бір тәулік ішінде облыс орталығында 47 мың м3 су сорылды. Барлығы Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен Жамбыл облысы ТЖД 304 адам, 87 бірлік техника және 16 мотопомпасы жұмылдырылды. Су тасқынына қарсы штабтың басталуынан бастап 2443 м бөгеттер нығайтылып,...

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге жетті. Сөйтіп, 8 жеке тұрғын үй, 28 жеке аула аумағы мен 7 көпқабатты тұрғын үй су құрсауында  қалды. Облыстық төтенше жағдайлар...

Ақмола облысында 9 мектепті су басу қауіпі бар

Көптен күткен көктем де жетті. Енді қыс бойы түскен қалың қар еріп, мұз сетінеп, елді әлекке салуда. Осы уақытта Ақмола облысының төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқару органдары біраз сарсаңға түсетінін соңғы 10 шақты жылда көріп келеміз. 2013 жылдан бері...

Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдар су тасқынына дайындалуда.

Қазір автомобиль жолдарындағы көпірлер мен құбырлардың тесіктері мен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақмола облысы бойынша филиалы. Көктемгі жылынудың басталуымен жол қызметтері су тасқынына қарсы шаралар қабылдайды. Яғни, су өткізгіш құбырларды, көпірлер мен өткелдерді қармен мұздан тазартады....

Ақмола облысында өрт кезінде ер адам қаза тапты

Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үйінділер арасынан ер адамның денесі табылды. Ағымдағы жылдың 19 ақпанында 04-45-тер шамасында орын алған өрт 65 шаршы метр алаңды құраған. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шыққан орынға ТЖД күштерінің...

Көкшетауда  өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Көкшетау қаласының аумағында "Бұқпа КШШ" КММ шағалы орманшылығында табиғи өртті сөндіру бойынша кенеттен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша өрт трактордағы ұшқын сөндіргіштің ақаулығы салдарынан орын алды, ол қатты желдің салдарынан орман алқабына өтіп, саяжай учаскелеріне...

Ақмола облысында бір табын жылқы мұз құрсауында қалған

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бақташылар қарлы боранда жоғалтып алған 100-ге жуық жылқыны құтқарды, деп хабарлайды Aqmolanews ақпараттық агенттігі ТЖМ сайтына сілтеме жасап. 15 сәуірде құтқарушыларға Атбасар ауаны Бастау ауылдық округі маңындағы Есіл өзені тұсында су басқан шалғындарда жайылып жүрген...

Ақмола облысында ауылды су басқан: Тұрғындар мәйітті қайықпен тасыды

Ақмола облысында Сарқырама өзені тасып, Арбузинка ауылының жолын шайып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Сыртқа шыға алмай қалған 200-дей тұрғын о дүниелік болған жерлестерін ақтық сапарға қайықпен аттандыруға мәжбүр болды. Мәйітті арғы бетте қалған зиратқа жеткізу үшін ескекті қайыққа салып...
- Жарнама -spot_img

Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img