spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

8 мектепте сабақ қашықтықтан жүріп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Аймақта наурыздың 30-ынан бері су тасқынына байланысты қауырт жағдай қалыптасты. Қазір осыған орай құрылған облыстық жедел штаб одан әрі жұмысын жалғастыруда.

Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзені арнасынан шыққанда су темір жол  вокзалы маңындағы көпқабатты үйлер мен жеке үйлерге кіріп, сол маңдағы «Ер Төстік» балабақшасы суда қалды. Қазіргі уақытта ондағы балалар уақытша басқа балабақшаларға ауыстырылған.

Облыс аумағындағы ауылдарды су басуына байланысты 7 елді мекендегі 8 мектепте сабақ қашықтықтан оқыту форматына көшіріліп отыр. 20 елді мекенде жолдардың су алып қалуына байланысты 200-ден астам оқушыны мектепке тасымалдау мүмкін болмауда. Бұларда да оқыту онлайн форматқа ауыстырылған. Әйтеуір, мектептер зардап шекпеген.

Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Балапайқызының берген мәліметінше, аймақта су басқан мектеп жоқ. Ал, кейбір ауылдарда сабақтың қашықтықтан жүргізіліп жатқанының басты себебі – көшелерді су басып, оқушылардың мектепке жете алмауынан. Сондай-ақ, бірқатар елді мекендердің көпірлерін, жолдарын су шайып кеткендіктен, оқушыларды тасымалдау да мүмкін емес. Тасқын су тек Көкшетаудағы «Ер Төстік»  балабақшасына ғана кірді. 120 баланың әзірше 40-ы қалалық білім бөлімі ұсынған басқа балабақшаларға барып жүр. Қалғандары белгілі  бір себептермен үйлерінде. Қазіргі уақытта балабақша аумағынан су толық шығарылды, оның жұмысын жандандыру үшін басқа қажетті шаралар да қолға алынуда.

Қауіпті аймақта орналасқан басқа балабақшалар мен білім нысандарының аумағы бойынша инертті материалдар төселіпті. Мамандардың айтуынша, облыста су тасқыны бойынша жағдай біршама тұрақталған.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img