spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
8.2 C
Kokshetau

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 30-дан астам отбасына материалдық көмек көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Табиғаттың тосын мінез көрсетуі нәтижесінде қар тез еріп, Ақмола облысында кейбір елді мекендерде, оның ішінде Көкшетау қаласы да бар, су тасқыны орын алды. Тұрғын үйлер суға кетіп, мал мен жанға қауіп төндірді.

Осы орайда, қиын жағдайға душар болған жерлестерімізге қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін Ақмола ассамблеясының Достық үйінде қабылдау пункті ашылды. Қала тұрғында көмек пунктіне жылы киімдер, төсек орын бұйымдарын, азық-түлік әкеліп жатыр. Жиналған заттарды зардап шеккендерге тарату да жүріп жатыр. Атап айтқанда, қаланың элеватор ауданының тұрғындарына, қалалық бейімдеу орталығында орналастырылған су тасқынынан зардап шеккендерге жылы киімдер, төсек орын бұйымдарын, азық-түлік таратылды.

Екі күн ішінде пунктке 1,6 млн тг. астам жылы киім, төсек-орын жабдықтары мен тұрмыстық химия әкелінді. Зардап шеккен 33 отбасына көмек көрсетілді, 12 төсек-орын жиынтығы, киім-кешек, шаруашылық тауарлар мен азық-түлік әлеуметтік бейімдеу орталығына берілді. ЭМБ және Ақмола ҚХА мүшелері зардап шеккендер мен құтқару қызметкерлеріне арналған шатырлы қалашықта 800 мың тг. астам сомаға азық-түлік пен ыстық тамақ әкелінді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов ақмолалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, су тасқыны кезінде белсенділік танытқан азаматтарды марапаттады

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, су тасқыны кезінде белсенділік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img