spot_img
Сәрсенбі, Шілде 15, 2026
23.9 C
Kokshetau

Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша халықаралық кездесу өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, Фридрих Эберт қоры және «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың жаңа шараларын іске асыруға арналған халықаралық диалог өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы ІІМ өкілдері, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасынан халықаралық сарапшылар қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Кәбешқызы баяндама жасап, елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тәуекелдерді бағалаудың ұлттық стандартын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Диалог барысында Орталық Азия елдерінің ішкі істер органдарының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тәуекелдерді бағалау құралдарын қолдану және жәбірленушілерге көмек көрсету кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Мұндай іс-шараларды өткізу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибелерді зерделеуге және Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Кездесу барысында неміс сарапшылары Роланд Хертель мен Жайна Рабинкий-Джаналиева тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерінің факторларын анықтауға және оларды кешенді бағалауға арналған заманауи OCTAGON тәуекелдерді бағалау құралын таныстырды.

Қазіргі уақытта OCTAGON құралын Алматы қаласы полиция департаментінің қызметіне енгізу мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында оның функционалымен жеке құрамды таныстыру жұмыстары жоспарланып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика