spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.2 C
Kokshetau

Көкшетаудағы су тасқынына қарсы іс-шараларға ұлттық ұлан сарбаздары белсене қатысуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов төтенше жағдай аумағындағы ұландарға өз алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Өзінің кезекті тексерісінде халық қалаулысы Ұлттық ұлан 5510 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесіп атқарған жұмыстарына алғысын білдірді. Өз сөзінде облыс әкімі әкімшілік тарапынан ұжымдық сыйлық ұсынып, Отан қорғаушыларға барынша қолдау көрсетті.

«Біздің басты міндетіміз – халықпен бірге болу, олардың тыныштығын қорғау. Бүгін де төтенше жағдайда қалыс қалмай, барлығымыз ат салысып табиғи апатты тоқтатуға барынша күш салудамыз, – дейді батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Қуаныш Жамалқожа.

Атап өтсек, 28 наурыз күні Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге жетіп, оқиға орнына Ұлттық ұланның әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылған болатын.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img