spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
17.4 C
Kokshetau

Көкшелік бишілер республикалық байқауда үздік нәтиже көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

13 сәуір күні   Шымкент қаласынада  түрлі өңірлерден 30 шығармашылық ұжым дар қатысқан «Нұрлы көктем»  халықаралық хореографиялық байқауы өтті.

Тәжірибелі хореограф Наталия Гороваяның жетекшілігімен «Ритм»  халық ансамблі аталмыш байқауда Көкшетау қаласын  лайықты түрде таныстырды.  Ұжым үш жас санатында би өнерін көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

16-18 жас аралығы санаттағы  қатысушылар «Орыс биін» жоғары дәрежеде, тамаша орындап,  қазылар алқасының көңілінен шығып,  бірінші орынға ие болды.

Кіші топ (6-9 жас), жас әртістердің  еңбегі үшін «Хореография»  номинациясы бойынша,  лайықты бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

«PEDRO» заманауи биін орындаған ансамбльдің аралас тобы ерекше құрметке ие болып,  көрермендерді де, қазылар алқасын да бей-жай қалдырмай,  ұжымға Бас жүлдені  әкелді.

«Көкше»  мәдениет үйінің «Ритм»  ансамблі   халықаралық және республикалық байқауларда жеңімпаз атанып, өзінің жоғары деңгейін бірінші рет растап отырған жоқ.

Қатысушылар мен басшыны кезекті  жарқын әрі  лайықты  жеңісімен құттықтап, шығармашылық , толағай табыстар тілейміз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика