Көкшетау маңында трактордың ақаулығынан пайда болған да өртін 100-ден астам өрт сөндірушілер ауыздықтады. Жедел әрекеттің арқасында өртті тоқтатуға және өрттің жақын маңдағы елді мекендерге таралуына жол берілмеді,-деп хабарлайды "Aqmola News"Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орман өрті фактісі бойынша...
Ақмола ҚАЖД мекемесінде сотталғандар киім-кешекке арналған себеттер, үстел ойындарын және жылыжай қаңқаларын дайындауда, деп хабарлайды "Aqmola News".
Сотталғандарды жұмыспен қамту-ҚАЖ қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл үшін мүдделі қызметтердің қызметкерлері бірқатар
жұмыс орындарының санын арттыру және облыс мекемелерінде жаңа өндіріс түрлерін ашу...
9 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Aqmola News".
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары;
«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Түркістан және...
Еліміздің басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, найзағаймен жаңбыр күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның қиыр солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Ақмола облысында...
Ақмола облысында 8 шілдедегі жағдай бойынша ауыл әкімдерінің сайлауына 300 кандидат тіркелді. Олардың ішінде 207 адам өзін-өзі ұсынса, 93 адам саяси партиялардың атынан шығып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов...
10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында жазды.
«10 шілде күні сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді», - деп жазды Б.Уәли.
Танымал режиссер, сценарист Сатыбалды Нарымбетов дүниеден өтті деп хабарлайды "Aqmola News". Қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігі растады.
Режиссер 8 шілде таңертең қайтыс болған. Марқұм 75 жаста еді.
Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында...
Ақмолада бір аптада сегіз орман және төрт дала өрті тіркелді. Өкінішке орай өрт кезінде бір адам қаза болды. Бұл туралы Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлім етті, деп...
Зеренді ауданының Елікті ауылы маңында 11 жел генераторының құрылысы жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Онда «Эталон Пауэр» ЖШС-нің өкілі Асхат Жақсыбергенов тұрғындарға жобаны таныстырды. Кәсіпорын 100 гектар аумаққа жел электр стансасының қондырғыларын орналастыруды жоспарлап отыр. Даниялық өндіруші «Vestas» қондырғыларының...
Варна қаласында (Болгария) KWU нұсқасы бойынша киокушинкай-кан каратеден әлем Кубогы аяқталды. Байрақты бәсекеде өз салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген жерлесіміз Сергей Духов жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды "Aqmola News".
Татамиге әлемнің 17 елінен 500-ге жуық үздік каратэші шықты.
14-15 жас аралығындағы...
Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...