spot_img
Сенбі, Қараша 7, 2026
4.2 C
Kokshetau

Бурабайда халықаралық деңгейдегі конгресс-орталық салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабайда халықаралық форумдар, көрмелер мен ірі мәдени іс-шараларды өткізуге арналған көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Жаңа нысан бір мезетте мыңға дейін көрермен қабылдап, курорттың туристік әлеуетін арттыруға және жыл бойы туристер тартуға мүмкіндік береді.

Құрылысқа ресми бастау берген Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жобаның «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Бұл жобаның MICE-туризмді дамытудағы маңызы ерекше. Конгресс-орталық инвестиция тартуға, шағын және орта бизнесті, қоғамдық тамақтандыру, көлік және қызмет көрсету салаларын дамытуға серпін береді», – деді облыс әкімі.

Кешен Promenade Burabay аумағында, 3,1 гектар жер учаскесінде орналасады. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы шамамен 13 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда мың орындық көрермен залы, 160 адамға арналған конференц-зал және күніне 500 келушіні қабылдайтын көрме алаңдары қарастырылады.

Сонымен қатар орталықта балалар мен ересектерге арналған шығармашылық студиялар ашылады. Олар вокал, би және музыка бағыттарын қамтып, 2,5 мың тұрғынның шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді.

Кешенде Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналған музей кеңістігі, суретшілер мен қолөнер шеберлеріне арналған шеберханалар, сондай-ақ цифрлық және мультимедиалық студиялар жұмыс істейді.

Жобаның негізгі мақсатының бірі – туристік ағынның маусымдық тәуелділігін азайту. Конгресс-орталықтың іске қосылуы жыл бойы конференциялар, көрмелер, концерттер мен түрлі мәдени-білім беру іс-шараларын өткізуге жол ашады. Бұл курорттағы қонақүйлердің, мейрамханалар мен басқа да кәсіпкерлік нысандарының дамуына оң ықпал етеді.

Нысанның құрылысы 2025–2029 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген. Құрылысты 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚҰРУДА: 126 ЖАС АЗАМАТ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ СЕРІКТЕСІ АТАНАДЫ

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласында өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика