spot_img
Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
4.2 C
Kokshetau

Зеренді ауданында 100 гектар аумаққа жел электр станцияларының қондырғылары орнатылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының Елікті ауылы маңында 11 жел генераторының құрылысы жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Онда «Эталон Пауэр» ЖШС-нің өкілі Асхат Жақсыбергенов тұрғындарға жобаны таныстырды. Кәсіпорын 100 гектар аумаққа жел электр стансасының қондырғыларын орналастыруды жоспарлап отыр. Даниялық өндіруші «Vestas» қондырғыларының қуаты 18 МВт, диаметрі 20 метр, ал жобаның құны – 11 миллиард теңгені құрайды.

Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов жергілікті қоғамдастықты жобаны қоғамдық бақылауға белсенді қатысуға, оның барлық кезеңдерінде құрылысқа мониторинг жүргізуге шақырды. Оның айтуынша, жобада жұмыс орындары ұйымдастырылады. Учаскені қоршау электр станциясын салу кезінде мүмкін болады, олар аяқталғаннан кейін жойылады.

Айталық, облыстың күн электр станцияларын салу жобаларын іске асыруда табысты тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда баламалы энергетика саласында бірнеше инвестициялық жобалар іске асырылды – Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы, Целиноград ауданындағы жел энергетикалық қондырғы, сондай-ақ Аршалы ауданында қуаты 100 МВт жел электр станциясын салу бойынша ірі жоба іске асырылуда.

Бұдан басқа, Ерейментау ауданында тағы 2 жел электр станциясын және Целиноград ауданында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып күн электр станциясын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img