spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.8 C
Kokshetau

Ақмолада бір аптада сегіз орман және 4 дала өрті болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада бір аптада сегіз орман және төрт дала өрті тіркелді. Өкінішке орай өрт кезінде бір адам қаза болды. Бұл туралы Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Департамент басшысының айтуынша өңірдегі төрт орман өрті Зеренді ауданында болса, үшеуі Ақкөл және бірі Ерейментау ауданда болған. Ал 4 шілде күні Біржан сал ауданындағы Краснофлот ауылында найзағай түсіп салдарынан 1480 гектар алқапта құрғақ шөп отқа оранған. Ал өрт сөндіріп жүрген ауылдың 37 жастағы тұрғыны қаза болыпты.

                        «Жалпы өрт қаупі аса басым маусым ішінде облыс аумағында 71,950 гектар алқапта 60 орман өрті, сондай-ақ 785,95 гектар алаңда дала өрті тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда өрт оқиғалары 34 оқиғаға көбейіп, дала өрті бір жарым есе артқаны байқалды, – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.

Спикердің мәліметінше департамент орманды қорғау мекемелерімен бірлесіп 131 рейд өткізіліп оның барысында өртке қарсы талаптардың бұзылуына жол бергені үшін 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың тоғызы ескертумен құтылса, біреуіне 14585 теңге сомасында айыппұл салынған.

                        «Сондай-ақ, Ақкөл, Зеренді және Бурабай аудандарында күн сайын Зеренді, Сандықтау, Бурабай, Бұланды және Ақкөл аумағын орман өртін әуеден шолуды жүзеге асыратын «Қазәуеорманкүзеті» акционерлік қоғамының үш әуе тобы жұмыс істейді. Елдімекендерде өртке қарсы кезеңде қол үшін созу үшін ұзын саны 1141 адамды құрайтын 208 өртке қарсы құрылымдар мен олардың қолында 53 негізгі және 396 бейімделген өрт сөндіру техникалары, 7 моттопомпа және бір мыңнан астам өртке қарсы құрал-жабдықтар бар», – деп толықтырды Нұрлан Атығаев.

Облыста алдағы күндері ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылап, өрт қаупі әлі де сақталмақ. Осыған орай құтқарушылар өрт қауіпсіздігін барынша сақтануға шақырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img