spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Ақмолада 300 кандидат ауыл әкімдерінің сайлауына қатысады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 8 шілдедегі жағдай бойынша ауыл әкімдерінің сайлауына 300 кандидат тіркелді. Олардың ішінде 207 адам өзін-өзі ұсынса, 93 адам саяси партиялардың атынан шығып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».  

Облыста алғашқы тікелей сайлау кезінде 95 ауыл әкімін сайлау жоспарланыпты.

Қазіргі сәтте төрт саяси партиялар өз үміткерлерін ұсынды. «Nur Otan» партиясы ең көп үміткерлер тізімін ұсынды. Бүгінгі күні үміткерлер бұл партиядан берілген құжаттардың саны 76 адамға жетті. «Қазақстан халық партиясы – 11, «Ақ жол» партиясы – төрт, ал «Ауыл» және «Адал» партиялары бір-бірден үміткерлерін ұсынды», – дейді Манарбек Сәдуов.

Спикердің айтуынша кандидаттарды тіркеу 26 маусымда басталған. 9 шілдеде мәресіне жетеді. Кандидаттар саяси партиялардан, өзін-өзі ұсыну арқылы және аудан әкімінің ұсынысымен сайлана алады. Заңнамаға сәйкес әкім лауазымына сайлану үшін үміткер 25 жастан асқан, ақыл-ойы толысқан, мемлекеттік қызмет саласында заңнама талаптарына сәйкес келетін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасамаған және сотталмаған болуы тиіс. Үміткерлер талаптарға сәйкес тексерістен өтеді.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлауда 228 сайлау комиссиялары оның ішінде 20 аумақтық және 218 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істемек. Сайлау өңірдің153 мыңнан астам адам тұратын 277 елдімекенінде өткізілмек. Оның 100 мыңы сайлаушылар.

Жалпы Ақмола облысында 239 ауыл әкімдері бар. Олардың 95-ін 25 шілде күні төрт жыл мерзімге сайлау жоспарланған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img