spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.7 C
Kokshetau

Өрт сөндірушілер Көкшетау маңында пайда болған дала өртімен тәулік бойы алысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау маңында трактордың ақаулығынан пайда болған да өртін 100-ден астам өрт сөндірушілер ауыздықтады.  Жедел әрекеттің арқасында өртті тоқтатуға және өрттің жақын маңдағы елді мекендерге таралуына жол берілмеді,-деп хабарлайды «Aqmola News»Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орман өрті фактісі бойынша тергеу барысында өрттің себебі Зеренді ауданы тұрғынының өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы болғаны анықталды, атап айтқанда: көлік құралының ақаулығынан дискілі шөп шапқыштан ұшқын шықты.

Құрғақ шөп өсімдіктерінің жануы нәтижесінде ауданы 44 га және «Бұқпа КШШ» КММ, №103 кварталдағы, 41 телімдегі Шағалалы орманшылығының аумағындағы орман өрті, атап айтқанда, жалпы ауданы 1,7 га болатын төмен жылдамдықтағы қарқынды өрт болды.

Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер, сондай-ақ, академия курсанттары, «Шағалалы» Бұқпа орманшылығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар қатысты. Локализация уақыты 07.07.2021жылғы 15.40 м, жою уақыты 8 шілде күні таңертең, барлығы 120 адам қатысты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Облыста өрт қауіпті кезең өтіп жатыр, құрғақ және желді ауа райы, сондай-ақ, халықтың отты абайсыз пайдалануы шөптің көптеп жануына алып келеді. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өңірде жалпы ауданы 4700 га болатын бес дала өрті тіркелді, соңғы аптада тек Біржан Сал ауданында 2 ірі дала өрті болды, найзағай разрядының салдарынан өрт бірден құрғақ шөпке жайылды.

Ақмола облысының ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды, сондай-ақ шөп жағу және от жағу кезінде жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салады.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img