spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Бастауыш сыныпта ауызша есептеу тәсілдерінің тиімділігі

Сондай-ақ...оқыңыз

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн. Соңғы кезде мектептерде микрокалькуляторлар қолданыла бастады, бірақ олар есептеудің қажеттілігін алып тастай алмайды. Себебі, есептеу адамның логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызушылығын арттырады. Математиканы 1 сыныптан бастап жақсы меңгеріп, ауызша есептеудің әртүрлі қызықты түрлерін үйренсе, математикалық тапсырмаларды қиындықсыз орындай алатын болар еді.

Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Адамзат баласы ең алғаш рет жазу-сызудан бұрын санауды үйренгені хақ. Осылайша, бертін келе адамдар қарапайым арифметикалық амалдарды қолдануды үйреніп, олардың негізгі қасиеттерін сараптап, тағы басқа да математикалық білімдерін дамыта түседі. Әуел баста адамдар саусақтармен амалдар қолданып, кейіннен есептеудің өзге де тәсілдерін ашқан. Сондай-ақ жылдам есептеу әдістеріне талдау жасап, оны келешек ұрпаққа таратып отырған. Ал біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің және жылдамдықтың болуын қажет етеді.

Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Қосу мен азайтудың әртүрлі әдіс-тәсілдері

 

Егер бір қосылғышты бірнеше бірлікке арттырса, қосындыны сонша бірлікке кеміту керек.

Мысалы: 564 + 292 =564 + ( 292 + 8) – 8 = 564 + 300 – 8 = 864 – 8 = 856. Егер бір қосылғышты бірнеше бірлікке арттырса, екінші қосылғышты сонша бірлікке кеміту қосынды мәнін өзгертпейді.

 

Мысалы: 997 + 455 = (997+3) + (455-3) = 1000 +452 = 1452.

Егер азайғышты бірнеше бірлікке арттырса, азайтқышты да сонша бірлікке арттыру айырма мәнін өзгертпейді.

 

 

Мысалы: 2454 – 1996=(2454+4)-(1996+4) = 2458-2000= 458

Егер екі санның қосындысынан сол сандардың айырмасын шегерсе, нәтижесінде екі еселенген кіші санның мәні шығады.

 

Мысалы: (77+15) – (77-15) = 30 = 2х 15

Егер екі санның қосындысына сол сандардың айырмасын қосса, нәтижежде үлкен санның екі еселенген мәні шығады.

(54+16) + (54-16) = 2х54 = 108.

Бағандап шапшаң қосу үшін әрбір разрядтың цифрларын бөлек қосып, бірлігін ондығының астына келтіріп жазып, содан соң қосу керек.

Бұл жұмыс түрлері әр сабақта қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарын қарастырдық. Онда ауызша есептеуге үйрету тәсілдерін қолдануға тоқталып өттік. Ауызша есептеу тәсілін оқушы санасына жеткізе білу мұғалімнің шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты, «ана – өмір тұтқасы» болса, «ұстаз – мектеп тұтқасы» десек артық айтпаймыз.

 

Гүлнәр Ысқақова,

Көкшетау қаласы

№1 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img