spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында екі өрт сөндіру бекеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында бір аптаның ішінде екі өрт сөндіру бекеті ашылды. Оның бірі Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында болса, екіншісі Шортанды ауданының Петровка ауылында пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Петровка ауылындағы өрт бекеті 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Сондықтан, ол төтенше жағдайлар болған кездері өрт сөндірушілерге біраз қиындықтар туғызып келді. Әсіресе, қыстың бораны мен жаздың жаңбырлы күндері мүлдем қиынға соғатын еді. Енді міне, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ашылып отырған бекет пен жаңадан жасақталған команда төтенше жағдайға тап болған Петровка ауылы мен жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына көмек көрсететін болады», – дейді Ақмола облыстық ТЖД бастығы Алексей Советов. «Петровка ауылындағы бекет ГАЗ-53 өрт сөндіру автоцистернасы, сиымдылығы 2000 текше метр өрт сөндіру құралы және 4 адамдық жеке құрамнан тұрады. Бекет 1600 тұрғыны бар Новокавказское, Қара-Адыр және Петровка ауылындарына қызмет көрсетеді. Ал, Целиноград ауданындағы Жаңаесіл ауылындағы өрт сөндіру бекетінде 4 адам жұмыс істейді. Нысан телефон байланысы, жылытылатын бокспен жабдықталған», – дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img