spot_img
Сәрсенбі, Қараша 18, 2026
-1.8 C
Kokshetau

«Заң мен тәртіп»: Ақмола облысында ішкі сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуы талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылғы 17 қарашада Көкшетау қаласында отандық тауар өндірушілердің сауда сөрелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету және ішкі сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырды. Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық тауар өндірушілер, жеткізушілер және сауда желілерінің өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты сауда желілері мен отандық өндірушілердің өзара іс-қимылын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарын, сондай-ақ сауда объектілерінде қазақстандық өнімдерді орналастыру тәртібін түсіндіру болды.
Іс-шара барысында 2026 жылғы 20 қазанда күшіне енген Ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Жаңа талаптарға сәйкес, 1, 2, 3 және 4-санаттағы сауда объектілерінде қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері төмендегі талаптарды сақтауға міндетті:
– отандық азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде 30 пайызын бөлу. Белгіленген үлес әрбір тауар санаты мен санатшасы бойынша, сондай-ақ жалпы сауда объектісі шегінде сақталуы тиіс;
– қазақстандық өнімдерді сауда сөрелерінің орталық бөлігінде, сатып алушылардың көз деңгейінде, көрнекі әрі физикалық тұрғыдан қолжетімді орындарда орналастыру;
– отандық тауарлар қойылған орындарды «Қазақстанда жасалған» деген арнайы жазумен немесе маңдайшамен белгілеу;
– қазақстандық өнімдерді сатып алушылардың назарын аудару мақсатында сұранысы жоғары тауарлардың жанына орналастырып, кросс-мерчандайзинг әдісін қолдану;
– баға белгілерін ресімдеу және сатылатын өнімдер туралы шынайы ақпарат ұсыну жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау.
Сонымен қатар отандық өндірушілер мен жеткізушілердің жазбаша өтінімдері негізінде сауда алаңдары мен сөре кеңістігін бөлуге қойылатын талаптар түсіндірілді.
Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленетін сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау мәселесі қаралды. Заңнамада көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сауда үстемесі өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің жеткізу талаптарында көрсетілген сатып алу бағасынан 15 пайыздан аспауға тиіс.
Кеңес барысында қатысушыларға отандық тауар өндірушілердің сауда инфрақұрылымына тең қол жеткізу қағидаттарын сақтау, тауарларды өткізуге негізсіз кедергілерге жол бермеу, сондай-ақ жеткізу шарттарын жасасу және орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың, сауда желілерінің және отандық өндірушілердің заңнама талаптарының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысының алдағы бағыттары айқындалды.
Сауда саласындағы «Заң мен тәртіп» қағидаты нарықтың барлық қатысушылары үшін бірыңғай қағидалардың сақталуын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы тең жағдайларды қамтамасыз етуді, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және заңнама талаптарын мүлтіксіз орындауды білдіреді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әкелер одағы Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды ұсынады

Энергетикалық сусындар көптеген қазақстандықтардың күнделікті өмірінің үйреншікті бөлігіне айналды. Оларды мектеп оқушылары, студенттер, жүргізушілер, кеңсе қызметкерлері және басқа да...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика